26 наурыз 2017 21:51

Тақым қысар сәт! Димаш Құдайберген Азияның ең танымал әншісі номинациясына ұсынылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Димаш Құдайберген. © instagram.com Димаш Құдайберген. © instagram.com

Димаш Құдайберген Азияның ең танымал әншісі номинациясына ұсынылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы әншінің PR-директоры әрі досы Алпамыс Шаримов хабарлады.


Димаш Құдайберген Азияның ең танымал әншісі номинациясына ұсынылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы әншінің PR-директоры әрі досы Алпамыс Шаримов хабарлады.

"Достар! Тағы да тақым қысатын сәт келді. Ертең Тікелей эфир 19:30-да Dragon TV(东方卫视) арнасында Азияның ең үлкен масштабтағы марапаты China Top music Awards шарасы өтеді. Димашымыз @kudaibergenov.dimash Best Asia popular singer ("Азияның Ең танымал әншісі") номинациясына ұсынылғандардың қатарында. Алғаш қатысып отырған xалықаралық марапаттан үмітіміз зор!!! Осы кеште Азияның әншілерімен бірге қызыл кілемнен өтіп, өнер көрсететін болады. Бәрі де Сіздердің тілектеріңізбен! Ал, жақсылыққа жориық!!!", - деп жазды әншінің өкілі.

Ал әншінің өзі бұл туралы былай деп жазды: Шанхай, Dears, ертең 15:00 қызыл кілемде (red carpet)/ 19:30 Mercedes Bens Arena-да кездескенше!!! Азияның ең үлкен масштабтағы China Top music Awards марапатында әдемі көңіл-күй сыйлауға тырысамын!!! Жақсы көремін".

Айта кетейік, Top Chinese Music Awards Қытайдағы Грэмми марапаты ретінде танылған. Музыкалық жүлде 2001 жылдан бері жыл сайын дәстүрлі түрде өтіп келеді.

Еске сала кетейік, кеше Димаш Құдайберген I am a Singer байқауының 10-шы кезеңінде 3-орын алып, байқаудың финалына шыққан болатын. Бұл кезеңде қазақстандық әнші "Ұмытылмас күн" әнін қазақ және қытай тілінде орындады. Айта кетейік, әннің авторы Димаш Құдайбергеннің өзі де, сөзін Орал Байсеңгір жазған.

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети