Димаш Құдайберген Астанаға келді

25 Сәуір 2017, 09:50
0
Димаш Құдайберген Астанаға келді - © Арыстанбек Мұхамедиұлы / facebook
© Арыстанбек Мұхамедиұлы / facebook

Димаш Құдайберген Астанаға келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қытайдағы танымал I am a singer байқауында сәтті өнер көрсеткен қазақстандық әнші Димаш Құдайберген бүгін таңертең Бейжің-Астана рейсімен келді. Әншіні елорда әуежайында мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, композитор Ұлықпан Жолдасов, Астана Опера директоры Ғалым Ахмедьяров, "Қазақ әуендері" президенті Асхат Маемиров күтіп алды.

Оны туған жерінде асыға күтті. Әрине, әншінің туған ата-әжесі, туыстары және Бейжіңнен үш сағатқа ерте келген анасы да оның ұшып келуін күтті.

Сондай-ақ, әуежайдан шығар жерде отандасымызға қошемет көрсетіліп, оны курстастары құшақ жая қарсы алды. Олардың сағынғаны көрініп тұр. Димаш Құдайберген барлығымен амандасып, ешкімді назарсыз қалдырмады. Олар алаңда біраз уақыт әңгімелесіп, бір-бірінен айырылыса алмай тұрды.

"Достарым, бүгін Астана әуежайында Димашты құшақ жая қарсы алдық. Құттықтап, әңгімелестік. Біртума таланттың иесі, дарынды, қарапайым және өте тамаша жігіт!", - деді мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы.

Айта кетейік, әнші Қытайдағы I Am a Singer музыкалық байқауында екінші орын алған болатын. Сонымен қатар, ол үш бірдей музыкалық жүлде иеленді.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай