Димаш Құдайберген Елбасыға сүйіншілеген беделді жүлдесін жеңіп алды

20 Шілде 2017, 22:30
1
Димаш Құдайберген Елбасыға сүйіншілеген беделді жүлдесін жеңіп алды -
Димаш Құдайберген Елбасыға сүйіншілеген беделді жүлдесін жеңіп алды -

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген тағы бір беделді сыйлыққа ие болды. Қытайдың Шенжен қаласында ол MTV Music Awards жүлдесімен марапатталды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.

Әншінің PR-директоры Алпамыс Шаримовтың айтуынша, бұл әлемдегі ең беделді жүлде. Ол Димащқа жүлденің 40 мың адамның алдында табыс етілгенін айтты. 

Ал осыған дейін Димаш Құдайберген Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесуінде осы аталымға ұсынылғаны жайлы хабарлаған еді. "Мені MTV Music Awards номинацияларының біріне ұсынғалы жатыр деп естідім. Өзімнің арманым - үлкен аренада жанды дауыспен концерт беру. Сол арманыма қол жеткізуге үлкен демеу көрсетіп жатқаныңызға көп рақмет айтамын", - деген еді әнші.


© Алпамыс Шаримов

Еске салайық, кеше, 19 шілдеде Димаш Құдайберген Asian Music GaLa шарасында "Ең танымал шет елдің әншісі" атағын жеңіп алған болатын.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікірлерді көру (1)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай