15 сәуір 2017 22:00

Димаш Құдайберген финалда өнер көрсетті - ВИДЕО

ПОДЕЛИТЬСЯ

Instagram Instagram

Димаш Құдайберген Қытайдың Чанша қаласында өтіп жатқан I am a Singer байқауының финалында өнер көрсетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Финал Астана уақытымен сағат 22.00-де "Хабар" телеарнасынан тікелей эфирде таратылды. Қазақстандық әнші финалда әйгілі Майкл Джексонның The Way You Make Me Feel, Dangerous, Billie Jean, Earth song атты әндерін орындады.

Айта кетейік, осыған дейін әншінің PR-директоры әрі жақын досы Алпамыс Шаримовтың финал алдында берген сұхбаты жарияланған болатын. "Димаш әрбір сахнаға шыққанда әннің құрылымын өзі ойлап табады. Әрбір әнде өзінің айтатын ойы болады. Бүгінгі өнерінде де солай. Бұл орындайтын нөмірін қарағанда халық Димаштың айтатын ойын түсініп қараса екен дейміз. Әнді жай ғана қарамай, қиялмен қарасын. Себебі бұл жай ғана орындалатын ән емес, Димаш осы арқылы халыққа, адамзатқа ойын айтқысы келеді. Ал нендей ой айтатынын біз құпия қалдырайық..."- деген еді Алпамыс Шаримов сұхбатында. 

Еске сала кетейік, Димаш Құдайберген I am a Singer байқауының 10-шы кезеңінде 3-орын алып, байқаудың финалына шыққан болатын. Бұл кезеңде қазақстандық әнші "Ұмытылмас күн" әнін қазақ және қытай тілінде орындады. Айта кетейік, әннің авторы Димаш Құдайбергеннің өзі де, сөзін Орал Байсеңгір жазған.

Сондай-ақ, Димаш Құдайбергеннің Астанада Лара Фабианмен бірге ән салатыны хабарланған болатын. "Димаш Құдайберген шақырады" концерті "Астана Арена" сахнасында 27 маусымда өтетіні айтылған еді.

Димаш Құдайбергеннің I Am a Singer байқауындағы ең жарқын сәттері.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети