07 сәуір 2017 11:35

Димаш Құдайбергеннің I Am a Singer байқауындағы ең жарқын сәттері

ПОДЕЛИТЬСЯ

Димаш Құдайберген. © Instagram Димаш Құдайберген. © Instagram

Осы сенбіде Қытайдың Чанша қаласында танымал I Am a Singer тележобасының финалы басталады. Қазақстандық Димаш Құдайберген байқаудың финалына өтті, енді ол онда бірінші орын үшін таласпақ. Tengrinews.kz редакциясы осы уақытқа дейін қазақстандықтың I Am a Singer байқауындағы жарқын әрі қытайлық көрермендерге тамаша әсер қалдырған сәттерін бақылап келді.


Осы сенбіде Қытайдың Чанша қаласында танымал I Am a Singer тележобасының финалы басталады. Қазақстандық Димаш Құдайберген байқаудың финалына өтті, енді ол онда бірінші орын үшін таласпақ. Tengrinews.kz редакциясы осы уақытқа дейін қазақстандықтың I Am a Singer байқауындағы жарқын әрі қытайлық көрермендерге тамаша әсер қалдырған сәттерін бақылап келді.

I Am a Singer музыкалық байқауы - Кореяның танымал реалити-шоуының қытайлық нұсқасы. Онда жеті танымал орындаушы қатысады. Әр апта сайын бір қатысушы байқаудан шығарылып, тағы бір жаңа қатысушы келеді. Жеңімпазды аудитория таңдайды. Байқау 14 кезеңнен тұрады. Айта кетейік, Димаш Құдайберген - байқаудың ең жас қатысушысы.

Димаш Құдайбергеннің I Am a Singer байқауының 5-ші маусымына қатысатыны жайлы қаңтар айында белгілі болды. Әншінің досы әрі PR-директоры Алпамыс Шаримовтың айтуынша, Димаш Құдайберген осы байқау үшін тіпті имиджін ауыстырған.

Жас музыкант қазылар алқасы мен тележоба көрермендерін бірінші минуттардан бастап баурап алды. Ол байқаудың бірінші күнінің жеңімпазы атанған еді. 22 жастағы әнші OS d'un terrien en détresse әнін француз тілінде орындаған болатын.

Әншінің бұл нөмірінің видеосы келесі күні қазақстандық және қытайлық Интернет кеңістікте нағыз хит болды. Кейінірек Францияның мемлекеттік France 2 телеарнасы қазақстандық Димаш Құдайбергенге арнайы репортаж жасаған еді. Репортаж Telematin бағдарламасында көрсетілді.

"Көпшілігі мұның барлығы тұқымға байланысты дейді. Бірақ Димаштың өзі еңбекқор. Ол бес жасынан бастап ән айтты, фортепианода ойнады, әлемге әйгілі жұлдыз болғысы келді. Ал біз оған күлетінбіз. Оның дауыс диапазоны жоғары. Сондықтан болар балабақшада одан жоғары ноталарда ән айтуды талап ететін. Яғни, ол қыздың атынан да, ұлдың атынан да ән айта беретін. Ол болса "қыздың атынан ән айтпаймын" деп ашуланатын. Біз оны көндірумен болатынбыз. Оған дауыс қойып берген педагогтар да жақсы болды. Ол бірінші кезекте композитор әрі әнші Марат Айтымов", - дейді әншінің анасы Светлана Айтпаева. 

Осылайша, қазақстандықтар байқаудың екінші кезеңін асыға күтті. Бұл жолы Димаш Құдайберген Витастың "Опера № 2" әнін орындап шықты.

Димаш Құдайберген Instagram желісіндегі парақшасында оны Қытайда осы жеңісінен кейін "Қазақстандық Витас" деп атап кеткенін жазған еді. Алайда ол мұнымен келіспейді екен. "Әрине, Витас жақсы әнші. Мен оны құрметтеймін, бірақ мен екінші Витас емеспін. Музыка саласындағы мамандар мені жақсы түсінеді", - деп жазған еді әнші.

Байқаудың үшінші кезеңінде Димаш Құдайберген Queen тобының The Show Must Go On әнін орындады. Ал төртінші кезеңде ол Гонконг әншісі әрі актері Джеки Чунның "Осенняя печаль" әнін айтты. Желі қолданушыларының көбісі Димаштың қытай тіліндегі әнді тамаша орындап шыққанын айтып өткен болатын.

Ал бесінші кезеңде отандасымыз Bruno Mars-тың Uptown Funk әнін орындады.

Димаш Құдайбергеннің Лара Фабианның "Adagio" әнін орындаған сәтінде көрермен көздеріне жас ала бастады. Ол бұл әнімен сол кезеңде бірінші орын алды. Кейінірек Лара Фабианның өзі 22 жастағы қазақстандықты құттықтаған болатын.

Ал жетінші кезеңде Димаш Құдайберген "Дайдидау" әнін орындады. 

Сегізінші кезеңде қазақстандық әнші Қытайдың "Рассвет" әні мен Селин Дионның "All by myself" әнін орындады.

Оныншы кезеңде қазақ тіліндегі "Ұмытылмас күн" әнін айтқан соң Димаш Құдайберген тележобаның финалына шықты. Айта кетейік, бұл әннің авторы Димаш Құдайберген, ал сөзін жазған Орал Байсеңгір.

27 наурызда қазақстандық әнші Димаш Құдайберген China Top music Awards шарасында "Азияның ең танымал әншісі" атанды. Айта кетейік, Top Chinese Music Awards Қытайдағы Грэмми марапаты ретінде танылған. Музыкалық жүлде 2001 жылдан бері жыл сайын дәстүрлі түрде өтіп келеді.

Ал кейінірек Димаш Құдайбергеннің финалдың бірінші кезеңінде қандай ән айтатыны белгілі болды. "8 сәуір күні Финалдың алғашқы сайыс күні италиялық ән Адриано Челентаноның "Confessa" және "Бесінші элемент" фильміндегі Дива Плавалагунаның ариясын тыңдай аласыздар! Тілектеріңіз бен қолдауларыңызға раxмет! Біргеміз", - деп жазған еді Димаш Құдайберген парақшасында.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети