01 маусым 2019 12:54

Димаш Құдайберген Сочидегі "Новая волна" байқауында өнер көрсетеді

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Сочидегі "Новая волна" байқауында өнер көрсетеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Сочидегі "Новая волна" байқауында өнер көрсетеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Орындаушы 24 тамызда байқаудың бірінші күні ән шырқайды. Қазақстандық әнші "Новая волна" сахнасына қонақ ретінде шақырылған. Сонымен қатар, алғашқы күні Филипп Киркоров, Анна Нетребко, Юсиф Айвазов, Maruv, Егор Крид, Ирина Аллегрова, Валерий Леонтьев, Дима Билан және басқалары өнер көрсетеді.

Айта кетелік, 2018 жылы Димаш Құдайберген A-Studio концертіне қатысып, кезінде Батырхан Шүкенов орындаған "Грешная страсть" композициясын айтқан. 

Сонымен қатар, әнші Минскіде өтетін ІІ Еуропалық ойындарда жаңа әнін шырқайды. Жарыстың ашылу салтанаты 2019 жылы 21 маусымда өтеді. Сондай-ақ, әртіс 2019 жылы 29 маусымда Нұр-Сұлтан қаласында "Астана Арена" стадионында өтетін "Арнау" концертіне дайындалып жатыр. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети