18 ақпан 2016 09:33

Димаш Құдайбергенов Кремльде өтетін концертте өнер көрсетеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Димаш Құдайбергенов Димаш Құдайбергенов

Қазақстандық әнші Димаш Құдайбергенов Кремльде өтетін, Халықаралық әйелдер күніне арналған концертте өнер көрсетеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстандық әнші Димаш Құдайбергенов Кремльде өтетін, Халықаралық әйелдер күніне арналған концертте өнер көрсетеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жыл сайын өтетін мерекелік шараға Ресей эстрадасының жұлдыздары қатысады. Олардың ішінде Валерий Меладзе, Николай Басков, Иосиф Кобзон, Леонид Агутин, Анжелика Варум, Кристина Орбакайте, Сергей Лазарев, Игорь Николаев, Лев Лещенко, Сергей Трофимов, Александр Кузьмин сияқты танымал тұлғалар бар. Әншілер белгілі композицияларын орындай отырып, әйелдер қауымын мерекемен құттықтайды.

Еске салайық, Димаш Құдайбергенов Витебскте өткен "Славян базары-2015" халықаралық байқауында жеңімпаз атанған еді. Ол, сонымен қатар, "Шығыс базары" және "Мейкин Азия" байқауларының Гран-при иегері.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети