10 ақпан 2019 11:39

Димаштың моңғолиялық қарсыласы америкалық шоуда халықты таңғалдырды

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

© instagram/enkherdeneerka © instagram/enkherdeneerka

Моңғол әншісі Энх-Эрдэнэ АҚШ-та өтіп жатқан The world's best халықаралық таланттар шоуында сенсация болды, - деп хабарлайды ARD тілшісі.


Моңғол әншісі Энх-Эрдэнэ АҚШ-та өтіп жатқан The world's best халықаралық таланттар шоуында сенсация болды, - деп хабарлайды ARD тілшісі.

Әртіс байқауда танымал Amarillo by Morning кантри-композициясын орындады. Тыңдармандар ағылшын тілін білмейтін моңғол жігіттің америкалық әнді жан-тәнімен айта білгеніне таңғалды. Келген қонақтар мен төрешілер ән соңында ду қол шапалақтады.

"Энх-Эрдэнэ төрешілердің көңілінен шықты. Әлеуметтік желілерде Монғол ковбойы - #mongoliancowboy" хэштегі пайда болды", - делінген мақалада.

Америкалық әлеуметтік желілерде көрермендер көптеген жылы пікір қалдырған:

"Тіпті ағылшынша сөйлей алмайтын мына жігіт кантриді музыканттардың жартысынан жақсы орындап шықты".

"MongolianCowboy ағылшынша өте керемет айтады. Оның түрі де Пси сияқты. Әлемде ең үздік адам".

"#TheWorldsBest байқауын кеше кешке көрдім, #MongolianCowboy "Эй, Арнольдтағы!" мистер Хенхті еске салды және мырза, өтінемін, осы адам жеңіске жетсінші".

"Осы жігітті жақсы көремін! Ағылшын тілін біле ме, жоқ па бәрібір. Оның даусы керемен және бұл менің сүйікті әнім".

Мұның алдында Димаш Құдайберген бұл ол қатысатын соңғы байқау екенін айтқан еді. Айта кетейік, шоудың басты жеңімпазы бір миллион доллар алады. 

"Димаш пен Данэлияны қолдау үшін". Гауһар Нұртас америкалық шоудың сарапшысы болды

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети