1. Басты
  2. Біл
  3. Мәдениет
  4. Әуен

Джей Ло қазақстандық Jokeasses блогерлеріне түсірген шағымын қайтарып алды 05 қыркүйек 2018, 13:14

Warner Music Group компаниясының өкілдері қазақстандық Jokeasses блогерлеріне түсірген шағымдарын қайтарып алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек

Видеодан алынған скрин Видеодан алынған скрин

Warner Music Group компаниясының өкілдері қазақстандық Jokeasses блогерлеріне түсірген шағымдарын қайтарып алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Біздің клип бұғаттан шығарылды, құқығымыз қайта қайтарылды. Клип бізге тиесілі. Бізге ештеңе де айтпай барлығын бұғаттап тастады. Warner Music Group өкілдері шағымдарын қайтарып алды. Клипті қайтарып бергені жайлы және шағымды қайтарғаны жайлы хабарлама келді. Қатты қуанып тұрмыз, өзімізге сенімді болған едік, себебі клиптің минусы толықтай біздікі болатын", - дейді блогер Ахмад Хельми.

Еске сала кетейік, мұның алдында хитке айналған Jokeasses атымен белгілі қазақстандық блогерлер түсірген "Зың-зың" әнінің YouTube-тен өшірілгені хабарланған еді. Jokeasses мүшелерінің айтуынша, клип аты әлемге белгілі поп-әнші Дженнифер Лопестің мүддесін қорғайтын Warner Music Group компаниясының авторлық құқықты бұзды деген шағымынан кейін өшірілген. 

Видеоны Қазақстан, Польша, Германия, Ресей және тағы да басқа ел азаматтары 22 миллион рет қараған болатын.