Елордада The Spirit of Astana фестивалі басталды

23 Маусым 2017, 19:32
0
Елордада The Spirit of Astana фестивалі басталды - © instagram.com/spirit_of_tengri
© instagram.com/spirit_of_tengri

The Spirit of Astana заманауи этникалық музыка фестивалі Қазақстанның астанасында басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ірі музыкалық шара "Бәйтерек" монументінің алдындағы алаңда open-air форматында өтіп жатыр, кіру тегін. Жоба Tengri FM ұлттық радиостанциясы Астана әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырып жатыр. 

 Фестиваль көмеймен ән айтушылар ұжымының өнерімен басталды. Кейін астаналық тыңдармандар "Барабаны Алматы" тобының өнерін тамашалап, Namgar-дың әсем вокалын тыңдады. 

"Көңіл-күйіміз керемет! Біз адам аз болатын шығар деп уайымдадық, бірақ келушілер саны көп болды. Адамдар іліп алып, энергетикасын сезініп жатыр. Солтүстікте адамдар белсенді емес деп айтады, бірақ менің ойымша, осындай шаралардан кейін бұл ойды өзгертеміз деп ойлаймын", - деді Aldaspan тобының мүшесі. 

Сахнаға қазақстандық танымал "Тиграхауд" этно-рок тобы шықты. Олар ұлттық аспаптарда өнер көрсетті. 

"Бұл нағыз рахаттың өзі! Алған әсерім мен энергияны сөзбен айтып жеткізе алмаймын! Желдің өзі бізге кедергі бола алмады - жел де өз пайдасын тигізді", - деді "Тиграхауд" тобының жетекшісі Данияр Жақиянов.

"The Spirit of Tengri фестиваліміз бесінші рет өтті, мұның ендігі мемлекеттік жоба екендігін сездік. Сондықтан осы мерейтойды Астанада атап өтетініміздің өзіндік нышаны бар. Елордаға жетіп, қала әкімдігімен бірлесіп, арнайы бағдарлама жасадық. Осы күндері EXPO-2017 өтеді, мұнда көптеген қонақ келеді. Оларға біздің фестиваль де ұнайды деп сенемін", - деген еді осыған дейін The Spirit of Tengri фестивалінің және "Жұлдыз FM" мен Tengri FM радиостанцияларының бас продюсері Жан Қастеев.

Жобаның бас серіктесі - Magnum Cash&Carry сауда желісі. 

Биыл фестиваль сахнасына 14 музыкалық ұжым шығады: Geo Train (Грузия); DJ Carmen Rizzo (АҚШ); Huun Huur Tu (Тыва); Namgar (Бурятия); Ljubojna (Македония); Motiva Zenekar (Венгрия); Argymak (Башқұртстан); Инна Желанная (Ресей); Tamikrest (Мали); Steppe Scape (Тыва/Бурятия/Германия); Еділ Хусаинов пен Satzhan Project (Қазақстан); "Барабаны Алматы" (Қазақстан); Tigrahaud (Қазақстан): DJ Нариман Исенов , DJ Роман Бажанов, DJ Рустам Оспанов, DJ Арсен SuperFly (Қазақстан).

The Spirit of Astana фестивалі 23-24 маусым күндері "Бәйтерек" монументінің алдындағы алаңда өтеді. Концерт 17.00-де басталады, кіру тегін. Сахна өнер көрсететін музыканттарды алаңның жан-жағынан көруге мүмкіндік беретіндей орналасады. Сахнаның екі жағында үлкен Led-экрандар да қойылады, осы экрандар арқылы көрермендер шоудың қызықты тұстарын мүлт жібермей тамашалай алады.

Еске сала кетейік, 20-21 мамырда Алматыда ашық аспан астында The Spirit of Tengri этникалық мәдениет фестивалінің бес жылдық мерейтойы өткен болатын. Музыка мерекесі 30-дан аса елдің жүздеген этно-ұжымдарының басын қосты. The Spirit of Tengri - әлем елдерінің этникалық дәстүрін Қазақстан жерінде көрсететін мультимәдени жоба. Жобаның құрылтайшысы - Tengri FM радиостанциясы.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай