27 қараша 2019 | 09:21

Ержан Максим наурызда Польшада концерт бермек

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Facebook / Дәурен Абаев © Facebook / Дәурен Абаев

Қазақстандық жас әнші Ержан Максим наурыз айында Польшада концерт өткізуді жоспарлап отыр. Бұл туралы жас әншінің қатысуымен Алматыда өткен баспасөз мәслихатында белгілі болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстандық жас әнші Ержан Максим наурыз айында Польшада концерт өткізуді жоспарлап отыр. Бұл туралы жас әншінің қатысуымен Алматыда өткен баспасөз мәслихатында белгілі болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Онда әлемдік Junior Eurovision байқауына қатысып, жүлделі екінші орынды иеленген Максим алдағы уақыттағы жоспарларын бөлісті.

"Мен енді шынымды айтсам, осы әншілікпен жүргім келеді. Өйткені мен осындай даусымды, вокалды тастағым келмейді. Алдағы уақытта көптеген елде, көптеген қалада концерт беремін, басқа да байқауларға қатысамын деп ойлаймын", - деді Ержан Максим.

Әншінің анасы Гүлмира Әлібек бар уақытын Ержанға арнап, барынша қолдау көрсетіп жүргенін айтады.

"Қалай осындай үлкен дәрежеге жетуге болады деп көптеген кісі ақыл кеңес сұрап жатады. Әрқашан балаға көңіл бөлу керек деп ойлаймын. Мен осы баламның арқасында қазір барлығын қойып, барлық жұмысымызға дейін тастап, тек Ержанмен айналысып жүрміз. Ешқандай қиындыққа мойымау керек. Барлығына төзе білу керек. Баланы әрқашан қолдай білу керек", - деді Ержан Максимнің анасы Гүлмира Әлібек.

Айте кетелік, бүгін түнде жерлесіміз Ержан Максим елге оралып, жас әншіні Алматы әуежайында жанкүйерлері, достары, ет-жақындары және "Алматы" телеарнасының тілшілері күтіп алған болатын.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети