05 қыркүйек 2019 08:58

Ержан Максим отбасымен Мәскеуге көшеді

© instagram/maksim_erjan © instagram/maksim_erjan

Қазақстандық жас әнші Ержан Максим отбасымен бірге Мәскеуге бес жылға қоныс аударады. Бұл туралы әншінің анасы Гүлмира Әлібек "Мой город" басылымына хабарлады. 


Қазақстандық жас әнші Ержан Максим отбасымен бірге Мәскеуге бес жылға қоныс аударады. Бұл туралы әншінің анасы Гүлмира Әлібек "Мой город" басылымына хабарлады. 

Анасының айтуынша, Ержанның Ресей астанасына көшуі оқуымен байланысты екен. 

"Ержан Игорь Крутойдың музыкалық академиясында білім алады. Ол жерде жалдамалы пәтерде тұрады. Қазір ұлым Евровидениеде өнер көрсетуге дайындалып жатыр", - дейді анасы Гүлмира Әлібек. 

Биыл мамырда Ержан Instagram парақшасында оны Игорь Крутоймен таныстырған Иманғали Тасмағамбетов екенін айтқан. Әншінің айтуынша, танысудан кейін Игорь Крутойдың өзі Ержанды музыкалық академиясына оқуға шақырған. 

"Мен оның ұсынысын қуана қабылдадым. Иманғали Нұрғалиұлының арманымның орындалуына септігі тигеніне қуаныштымын. Ол кісінің арқасында мен репертуарымды жақсартып қана қоймай, мақсатым да орындалды", - деген еді Ержан жазбасында. 


© instagram/maksim_erjan

Ержан Максим Орал қаласында туған. Биыл қарашада Ержан Польшаның Гливице қаласында өтетін Junior Eurovision 2019 халықаралық байқауына қатысады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети