07 желтоқсан 2014 11:43

Еркеш Шәкеев биыл да "Песня года" фестивалінің лауреаты атанды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Еркеш Шәкеев. ©artparovoz.kz Еркеш Шәкеев. ©artparovoz.kz

Қазақстанның белгілі композиторы, ақын Еркеш Шәкеев биыл да Ресейдегі "Песня года" музыка фестивалінің лауреаты атанды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Фестиваль 6 желтоқсан күні Мәскеудегі "Олимпийский" спорт кешенінде өтті.

Еркеш Шәкеевке лауреат дипломы А`Студио тобының орындауындағы "Душа" әнінің музыкасы мен өлеңі үшін берілді. Айта кетейік, ол 1995 жылы А`Студио тобының орындауындағы "Нелюбимая" әні үшін жылсайынғы ресейлік телефестивальдің лауреаты болған еді. Ал 2006 жылы Лайма Вайкуленің орындауындағы "Мартовский вечер" әні үшін "Песня года" жүлдегері болды. 

Еске сала кетейік, 2010 жылы А`Студионың орындауындағы Fashion girl әні Шәкеевті тағы да "Песня года" лауреаты етті. Ал 2013 жылы оған лауреат дипломы Ани Лорак орындаған "Зажигай сердце" әні үшін берілді. 

"Песня года" -  Мәскеуде тұңғыш рет 1971 жылы өткен Ресейдегі ең көне де беделді музыка фестивальдерінің бірі. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети