18 қараша 2021 13:42

Еркеш Шәкеевтің музыкасы Ұлыбританияда өтетін халықаралық фестивальде шырқалады

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Еркеш Шәкеев Еркеш Шәкеев

Еркеш Шәкеевтің музыкасы 2022 жылы 20-22 мамырда Ұлыбританияда өтетін International Composers Festival атты композиторлардың халықаралық фестивалінің ашылуында шырқалады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Еркеш Шәкеевтің музыкасы 2022 жылы 20-22 мамырда Ұлыбританияда өтетін International Composers Festival атты композиторлардың халықаралық фестивалінің ашылуында шырқалады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы фестиваль ұйымдастырушысы композитор Поло Пиатти ресми түрде жариялады. Лондон фестивалінің ұйымдастырушылары бұл туындыны 2019 жылдың мамырында Алматыда өткен қайырымдылық концертінде, ұлыбританиялық пианист Оливер Пол ойнаған кезде тыңдаған.

Алғашында фестиваль бағдарламасына үш композицияны қосу жоспарланған: Remember Me, Zingarella және My Princess вальсі. Пандемияға байланысты фестиваль екі жыл қатарынан өткізілмегендіктен, қатысушылар саны артқан, фестиваль ашылған күні Zingarella-ның бір композициясы шырқалады. Партитуралар АҚШ-қа оркестрді басқаратын әйгілі дирижер Даниэль Бутке жіберілді.

"Бұл - менің шығармашылығым үшін таңғаларлық әрі маңызды оқиға, өйткені мен тікелей қатыспадым. Бірақ музыканы нағыз кәсіпқойлар бағалаған, ұнатқан, бұл - таңдаған жолымның қиындықтарға қарамастан, бәрі дұрыс келе жатқанының айқын белгісі", - деді Еркеш Шәкеев.

Еске салайық, Еркеш Шәкеевтің музыкалық туындыларын St' Lukes концерт залында Лондон симфониялық оркестрі, әйгілі Кадоган Холлда Корольдік филармониялық оркестр, London Metropolitan Orchestra, London Voices хоры, белгілі пианистер Максим Мрвица, Джон Ленехан, Оливер Пул, скрипкашы Хлоя Хэнслип, виолончелист Александр Бэйли орындаған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети