10 наурыз 2015 14:40

"Евровидение" байқауына Ресейден Полина Гагарина қатысатын болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Полина Гагарина ©Полина Гагарина

Австрияда өтетін кезекті "Евровидение" байқауына Ресейдің атынан әнші Полина Гагарина қатысатын болды, - деп хабарлайды Super.ru порталы.


Австрияда өтетін кезекті "Евровидение" байқауына Ресейдің атынан әнші Полина Гагарина қатысатын болды, - деп хабарлайды Super.ru порталы.

Ресейдің ұйымдастыру комитеті ән жарысына қатысушы елдердің басым бөлігінің тәжірибесінде бар көпшілік алдында байқауға іріктеу жүргізуден биыл бас тартуды жөн санады. 27 жастағы әншінің кандидатурасы Ресей аумағында ән байқауын трансляциялайтын Бірінші арнаның ішкі кеңесінде мақұлданды.

Полина Гагарина Австрияға мамыр айында аттанады. Ол бірінші жартылай финалға қатысуы тиіс. Егер барлығы сәтті шықса, қыз 23 мамырда байқаудың жүлделі орны үшін финалда бақ сынайды. Гагаринаның еуропалық сахнаға қандай әнмен шығатыны әзірше белгісіз, бірақ таяуда жарияланатын болады.

Еске сала кетейік, 2014 жылы Данияда өткен "Евровидение" байқауында әнші Кончита Вурст жеңімпаз атанды. Ол кезде сақал-мұрты бар трансвестит (шын аты - Томас Нойвирт) дауыс берудің нәтижесінде 290 балл жинап, қарсыластарын артта қалдырды.

Айта кетейік, Полина Гагарина ресейлік "Фабрика звезд" ТВ-шоуынан кейін таныла бастады. Қыз жобаның жеңімпазы атанды. Қазір ол Константин Меладзенің продюсерлік орталығында жұмыс істейді. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети