13 қыркүйек 2018 09:03

Ғабидолла Әбдірахымов Nazima-ға Шымкенттің нөмір белгісі неге "17" екенін түсіндірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкент әкімі Ғабидолла Әбдірахымов пен "Песни" шоуының финалисі әрі Black Star қатысушысы Назима Жәнібекова жаңа "17" нөмір белгісінің шығуын талқылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Видео Charisma Hati деген блогердің Youtube-арнасында жарияланды.


Шымкент әкімі Ғабидолла Әбдірахымов пен "Песни" шоуының финалисі әрі Black Star қатысушысы Назима Жәнібекова жаңа "17" нөмір белгісінің шығуын талқылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Видео Charisma Hati деген блогердің Youtube-арнасында жарияланды.

"Нөмір белгісін "17" деп өзгерткені өкінішті. Маған Instagram желісінде "Назима, енді сағат "Nazima17" деп жазу керек дейтіндер көп (әншінің нигі Nazima__13 - Авт.)", - деді әнші. 

"Мен ІІМ министрімен де талқылап, қандай авто нөмір болады дестік. Президент былай деді: "Шымкент - жаңа аймақ, 17 болады" деді. Мен "Жарайды" дедім. Сонда мен Black Star 13 жайлы ойладым", - деп жауап берді Әбдірахымов. 

Әкіммен кездесудің үзіндісі 14-ші минуттың 30-шы секундында.

Мұнымен қатар, орындаушы қала басшысын Шымкентте 1 қарашада өтетін концертіне шақырды. 

Мұның алдында Назима Жәнібекованың Ғабидолла Әбдірахымовтың қабылдауында болғаны хабарланған еді. Әкім өнерпазды музыкаға дамытуға қосқан үлесі үшін алғыс айтып, iPhone мен велосипед сыйға тартты. 


Шымкент әкімдігінің баспасөз қызметі

Еске салайық, Шымкент республикалық маңызы бар қала статусын алып, Түркістан облыс орталығы болған еді. Осыған байланысты автокөлік құралдарын тіркеуде өзгерістер болды. Енді Шымкент тұрғындарының нқмір белгілері "17" санымен белгіленеді. Түркістан облысының тұрғындары болса "13" нөмір белгісін алады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети