11 ақпан 2019 12:25

"Грэмми-2019": This is America үздік ән болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Childish Gambino - This is America клипінен үзінді Childish Gambino - This is America клипінен үзінді

Childish Gambino есімді орындаушының This is America композициясы АҚШ-та "Грэмми" дыбыс жаздыру академиясының "Жылдың үздік әні" номинациясын жеңіп алды, - деп хабарлайды РИА Новости.


Childish Gambino есімді орындаушының This is America композициясы АҚШ-та "Грэмми" дыбыс жаздыру академиясының "Жылдың үздік әні" номинациясын жеңіп алды, - деп хабарлайды РИА Новости.

Осы категорияда All the Stаrs, Boo’d Up, God’s Plan, In My Blood, The Joke, The Middle және Shallow әндері де ұсынылды. This is America әуені осы санаттағы жеңіске жеткен тұңғыш хип-хоп-композиция болды. 

Сонымен қатар, This is America әні "Үздік музыкалық видео" және "Үздік рэп/снаг орындау" категорияларында жеңіске жетіп, "Үздік жазба" марапатын иеленді. 

Үздік рок-альбом - Greta Van Fleet тобының From The Fires деп аталатын пластинкасы.  Үздік рок-ән - әнші St. Vincent-тің Masseduction әні. 

Канадалық Drake God's Plan әнімен жылдың үздік рэп-әні атағына ие болды. "Үздік рэп-альбом" номинациясын  Cardi B жеңді. 

Жеңімпаздардың толық тізімін Grammy.com сайтынан көруге болады. 

Актер әрі орындаушы Дональд Гловер (Childish Gambino) осыған дейін дыбыс жазу академиясының салтанатты шарасында сөз сөйлеуден бас тартып, марапаттау рәсіміне келмеген.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.57   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети