18 қыркүйек 2019 09:32

Жанар Хамитованың ағасы әншінің соңғы күндері жайлы айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жанар Хамитова. © instagram Жанар Хамитова. © instagram

Әнші Жанар Хамитованың туыстары оның өз-өзіне қол салғанын жоққа шығарды. Марқұмның туысқан ағасы "Астана" телеарнасына қарындасының қазасына мүлде басқа жағдай себеп болғанын айтты.


Әнші Жанар Хамитованың туыстары оның өз-өзіне қол салғанын жоққа шығарды. Марқұмның туысқан ағасы "Астана" телеарнасына қарындасының қазасына мүлде басқа жағдай себеп болғанын айтты.

Хамитованың туысқан ағасы Тиышбек Хамитовтің айтуынша, қарындасының қазасына оның басында болған жайттар себеп болған. Жүрегіне салмақ салды дейді.

"Ондай ештеңе болған жоқ. Жүрегіне салмақ түсті. Үй жинап жатқан, 1-2 күнге келген. Ондай ештеңе болған жоқ. Жүрегінде проблемалар болды. Күйзелістері бар ғой. Алтын бала ол. Өнерпаз еді", - деді ағасы. 

Айта кетсек, Жанар Хамитова 2006 жылы "SuperStar KZ" мега-жобасына қатысып, үздіктер санатына қосылды. Кейін "Арнау" дуэтіндегі өнерімен кең танылған. Алайда 2009 жылы әнші сахнадан көрінбей кетті. Былтыр ғана көпшілік алдына қайта шығып, ауыр тағдыры жайлы сұхбат берген болатын. Ауқатты күйеуі екі ұлын алып қалып, өзін қуып жібергенін айтқан еді. Бір сұхбатында қорғаушы жалдап балаларын өзіне қайтаруға тырысып жүргенін де жеткізген. Әншілік карьерасын қайта бастауды да жоспарлағанын айтқан болатын. 

Естеріңізге салсақ, 16 қыркүйекте Жанар Хамитованың дүниеден өткені хабарланған. 30 жастағы әнші Қарағанды облысы, Қарқаралы қаласында ата-анасының үйінде қайтыс болған. Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев әншінің өз-өзіне қол жұмсағанын айтқан еді. Қазір әншінің қалай қайтыс болғаны тексеріліп жатыр. 

Оқи отырыңыз:

"Жаның қиындық көрмесін". Өнердегі әріптестері Жанар Хамитовамен қоштасып жатыр

"Тамырымды кесіп, асылып өлмек болдым". Жанар Хамитова соңғы сұхбаттарында не деді?

"Өнерден кетемін. Жұрттың сөзі ауыр тиді". Сиви Махмуди Жанар Хамитованың сырын айтты

Қыршынынан қиылған ғұмырлар. Арамыздан ерте кеткен жұлдыздар

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети