29 қаңтар 2014 17:00

Жанна Фриске Қазақстанда емделуі мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жанна Фриске. ©РИА Новости Жанна Фриске. ©РИА Новости

Жанна Фриске Қазақстанда медициналық көмек ала алады деп хабарлайды Tengrinews.kz. Бұл туралы "Ұлттық медициналық холдинг" АҚ басқарма төрағасы Әлібек Кеннет Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде айтты. "Біз ми ісігі бөлімшесін аштық. Бізге Жанна Фрискенің туысқандары бізде жасалған технологиялар бойынша ем алу мүмкіндігі жайлы сұрады. Бүгін әншінің әкесімен әңгімелестім, тағы да сөйлесетін боламыз. Жанна Фрискенің жағдайы өте ауыр. Ол өлім алдында. Бірақ біз оны әкелсе, көмектесуге дайынбыз. Жарнамаламай-ақ қояйық, бірақ оның бетін бері қарата алатын біз ғана", - дейді Кеннет. Еске салайық, ресейлік танымал орындаушының миында қатерлі ісік барын жуырда оның туыстары ресми түрде растаған болатын. Ақпарат құралдары алдымен оның ауруы рактың емделмейтін түрі екенін хабарлаған еді. Бірақ кейін "бастапқы глиобластома" деген нақты диагноз қойылды. Бұл ісікті хирургиялық жолмен және сәулемен емдеуге болады. Жанна Фрискенің әкесі жақында қызының ауруына бей-жай қарамайтын барша халыққа алғысын білдірді. 39 жастағы әншінің қатерлі дерті жайлы естіген адамдар оның атына ашылған қорға 2 млн доллардай қаржы аударған болатын. Айта кетейік, Фриске өткен жылдың сәуір айында ұлды болды. Баланың әкесі - белгілі тележүргізуші Дмитрий Шепелев.


Жанна Фриске Қазақстанда медициналық көмек ала алады деп хабарлайды
Жалғасы
Tengrinews.kz. Бұл туралы "Ұлттық медициналық холдинг" АҚ басқарма төрағасы Әлібек Кеннет Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде айтты. "Біз ми ісігі бөлімшесін аштық. Бізге Жанна Фрискенің туысқандары бізде жасалған технологиялар бойынша ем алу мүмкіндігі жайлы сұрады. Бүгін әншінің әкесімен әңгімелестім, тағы да сөйлесетін боламыз. Жанна Фрискенің жағдайы өте ауыр. Ол өлім алдында. Бірақ біз оны әкелсе, көмектесуге дайынбыз. Жарнамаламай-ақ қояйық, бірақ оның бетін бері қарата алатын біз ғана", - дейді Кеннет. Еске салайық, ресейлік танымал орындаушының миында қатерлі ісік барын жуырда оның туыстары ресми түрде растаған болатын. Ақпарат құралдары алдымен оның ауруы рактың емделмейтін түрі екенін хабарлаған еді. Бірақ кейін "бастапқы глиобластома" деген нақты диагноз қойылды. Бұл ісікті хирургиялық жолмен және сәулемен емдеуге болады. Жанна Фрискенің әкесі жақында қызының ауруына бей-жай қарамайтын барша халыққа алғысын білдірді. 39 жастағы әншінің қатерлі дерті жайлы естіген адамдар оның атына ашылған қорға 2 млн доллардай қаржы аударған болатын. Айта кетейік, Фриске өткен жылдың сәуір айында ұлды болды. Баланың әкесі - белгілі тележүргізуші Дмитрий Шепелев.
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети