Juste Debout Қазақстан би фестивалінің жеңімпаздары анықталды

20 Қаңтар 2014, 15:17
0
Juste Debout Қазақстан би фестивалінің жеңімпаздары анықталды - суретті ұйымдастырушылар ұсынды
суретті ұйымдастырушылар ұсынды
Қазақстанда алғаш рет өтіп отырған әлемге танымал жоба Juste Debout би фестивальінің іріктеу туры жеңімпаздарының есімдері белгілі болды. Бес аталым бойынша үздік шыққандар алдағы наурыздың 2-сі күні Парижде өтетін би додасында Қазақстан атынан сайысқа түсетін болады, деп хабарлайды Tengrinews.kz

Сонымен Experimental (экспериментальды би) аталымында мәскеулік 22 жастағы Ренат Измаилов (L'eto) қара үзген болса, Locking (Локинг) аталымында Бішкектен келген Жан Воинов пен Гүлсара (LDS Lockers жұбы) бәсекелестерінен оқ бойы озық шықты. «House» (Жеңіс) аталымында астаналық Назым Қалкенова мен алматылық Әсия Айешоваға теңесер ешкім табылмады. Popping (Поппинг) аталымының бірінші орны калинградтық Андрей Батуро мен астаналық Дәурен Айжарықовқа бұйырса, Hip-Hop аталымында тағы бір астаналық Бауыржан Сейфуллин мен L'eto үздік шықты.

Атап өтейік, биыл Debout би фестивальінің іріктеу туры 15 мемлекетте қатар өткізілген болса, ал Парижде өтетін финалға әлемнің ең үздік шыққан 20 мыңға жуық биші қатысатын болады. Биылғы Juste Debout Қазақстан би фестиваліне Қазақстан. Өзбекстан, Қызғызстан, Ресей мен Украина елінен 600-ден астам биші қатысты.

Juste Debout Қазақстан фестиваліне қазылық еткендер арасында есімі әлемге әйгілі Marquest (АҚШ), Djidawi (Франция), Tatsuo (Жапония) мен J-Soul (Франция) болса, ал іріктеу турына Juste Debout қауымдастығының президенті Bruce Sone өзі келді. Bruce Sone негізінен бұл фестиваль алғаш рет ұйымдастырылған елдерге барады екен.

Қазақстанда өткен фестивальді Алматы әкімдігінің қолдауымен "Funky Town" шығармашыл жастарды қолдау орталығы ұйымдастырды.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай