Қарағандылық қыз Чехиядағы Voice шоуында қазылар алқасын тәнті етті

14 Ақпан, 14:42
0

20 жастағы қарағандылық Виктория Мищенко Чехия мен Словакияның "Дауыс" байқауының бірінші кезеңінен сәтті өтті. Қыз бала өнер көрсеткен уақытта қазылар алқасының барлығы бірден бұрылды. Өз өнерін ол орыс ұлтының әнімен аяқтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Бірінші кезеңнің нәтижесін бірнеше күн бұрын жариялады. Қарағандылық қыз сахнада он минуттан аса уақыт бойы тұрды, алайда өзі осы сәтті есіне түсіре алмайтынын айтады. 

"Мен қазылар алқасының маған не айтқанын да есіме түсіре алмадым, тек олардың жақсы сөздер айтып жатқанын білемін, - дейді қарағандылық. - Әннің сөздерін ұмытып қалмағаныма Құдайға шүкір. Сахнада не болғанын мені қолдауға келген анам, жігітім және достарым айтып берді. Содан кейін, барлығын еске түсіру үшін шоудың теледидарға шыққанын екі ай күтуге тура келді".

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от The Voice Česko Slovensko (@thevoiceceskoslovensko)

Виктория бекерге толқыды: көрермен оның орындауын жақсы қарсы алды, ал қазылар алқасы бірден оған қарай бұрылды. 

"Кейін олар маған қазақша бір ән айтып беруімді сұрады, бірақ мен есіме ондай әнді түсіре алмадым. "Ой, мороз, мороз" әні есіме түсті. "Барлығына ұнаған секілд", - дейді қыз бала. 

Байқаудың келесі кезңінің түсірілімі осы демалыстарда өтеді. Әзірге бағдарламаның теледидарға және Желіге шығатын белгісіз. 

Виктория Мищенко Қарағандыда туып-өскен. Тоғызыншы сыныпты аяқтағанда, ол Прагаға көшіп кеткен. Сол кездің өзінде-ақ ол өз өмірін өнермен байланыстырғысы келетінін білген. 

"Мен өз бетімше өмір сүргім келетінін ерте түсіндім, сондықтан шетелде оқуға бел будым. Чехияда вокал сыныбы бойынша музыкалық колледжге түстім. Бірінші жылы өте қиын болды: мен тіл білмедім, бөтен елде таныстарым мүлде болмады. Мен бірнеше рет анама қоңырау шалып, қайтарға билет сатып алуын өтіндім. Ол маған кері жолдың болмайтынын ескерткен. Сол кезде мен өзімді қолға алып, бір сағат немесе екі сағаттан кейін қаламын деп айтатынмын. Мұнда бәрі басқаша жасалған. Қазақстанда музыканттарды шындап қабылдамайды. Достар алдымен маған бекер өкінетінімді жазды, өйткені ән айту қиын еместігін айтатын. Мен бухгалтер мамандығын меңгеру қиынға соғатынына келісемін, оған ми қажет. Бірақ бухгалтерлер әрдайым сұранысқа ие, ал шығармашылық адамдардың өз жолын табуы қиын. Талмай еңбек етіп, дұрыс компаниялар мен мүмкіндіктерді іздеуіміз керек", - дейді қыз бала.

Виктория мүмкіндіктерді іздеуді бірден бастаған. Ол Қазақстанда барлық қойылымдарды педагогтар ұйымдастырғанын еске алады. Олар әрдайым қыздың жан тәнімен қаламаса да бірақ аудиторияға ұнайтын әндерді таңдап беретін болған. Сондықтан бұл мәселе бойынша еуропалық көзқарас алдымен оны таң қалдырған.

"Бірінші жылда менде бірде-бір орындау болмады, колледж ештеңе ұйымдастырмаған. Содан кейін мен жоғары курстарда оқитын балалармен таныстым, олар мені өздерімен бірге музыкалық ойын-сауық орындарына алып барды. Мен ұялдым, бірақ бірнеше рет өнер көрсеттім. Осыдан кейін маған қоңырау шалып, шараларға шақыра бастадым. Бұл жерде қалаған әнімді орындауға мүмкіндік бары ұнайды. Егер композиция аса қызықты емес болғаннның өзінде орындаушы оған жанын салып айтатын болса, ол адамдарға ұнайды. Ал мұнда барлық мекемелерде жанды музыка бар. Үйлену тойы мен корпорацияларға музыканттарды шақырады".

Биыл Виктория колледжді тәмамдайды. Өмір сүруге ол өздігінен қаражат табады: басында бармен және бариста болып істеген, қазіргі уақытта өзінің сүйген ісіне толықтай берілген. Көп уақыт еңбектену керектігін біледі, бірақ қыз бала оған мойымайды. 

Былтыр жазда ол өзінің алғашқы авторлық әніне бейнебаян түсірді.

"Бала кезімнен күнделік жүргіземін, өз ойларымды және алған әсерімді жазамын. Бір кезде мен құрбыма соның бір бөлігін көрсеттім. Ол содан шабыттанып, бірге ән жаздық. Тағы бір құрбыммен әуенін жаздық. Осы әнді бірнеше шарада орындадық, кейін ұмытып-та кеттік. Бір жыл бұрын жігіттіммен таныстым, ол режиссер мамандығы бойынша оқиды. Бізге бейнебаян түсіру идеясы келді және соны іске асырдық. 

Қыз бала кейде Қарағандыны сағынатынын мойындайды. Негізінен сонда тұратын жақын адамдарын сағынады екен. Бірақ Чехия ол үшін екінші үй болғанын айтады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Viktoriya Michshenko (@vikavikoos)

Музыкаға деген махаббат маған атамнан дарыды. Бізде 31 желтоқсанда жаңажылдық ән жазу дәстүрі бар. Оқу кезінде біз бірнеше жыл бойы көріспедік, бірақ біздің ісімізді жалғастырудың жолын іздедік, - дейді ол. - Өткен жылы ол алдын ала бейне түсіріп, маған жіберді. Мен әннің бір бөлігін жазып, бәрін монтаждадым. Ал биыл бүкіл отбасы алғаш рет Прагада жиналды. Біз бірге "Потолок ледяной" әнін орындадық. Керемет шықты. Осы видеоны көріп, жылаймын".

Автор: Земфира Мусабаева

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай