24 ақпан 2021 17:20

Қарағандылықтың кавері әлемдік Shazam-ға кіріп, TikTok-та 4 миллион рет қаралды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: instagram.com/coloritmusic Фото: instagram.com/coloritmusic

Colorit атымен өнер көрсететін 18 жастағы Арыстан Әбілдиннің жаңа кавері бір апта ішінде Shazam әлемдік топ-чартына кірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Colorit атымен өнер көрсететін 18 жастағы Арыстан Әбілдиннің жаңа кавері бір апта ішінде Shazam әлемдік топ-чартына кірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Slava Marlow & Morgenshtern айтатын "Быстро" трегі барлық музыкалық алаңда ресми түрде пайда болғаннан кейін VK мен Apple Music чарттарында ғана емес, сонымен қатар Shazam әлемдік топ-чартында жетекші орынға ие болған еді. Ол Dua Lipa мен Billie Eillish-ті де озып түсті. 

Соңғы аптада трек ресейлік және қазақстандық TikTok-тағы трендке де айналып үлгерді. Ал кавер төрт миллионнан аса рет қаралып, оған 190 мың видео түсірілді. Музыканттың өкілдері ол TikTok-тағы ең танымал қазақстандық трек екенін мәлімдеді. 

Каверге өлең авторы Slava Marlow да баға берді. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Colorit (@coloritmusic)

Арыстан Қарағандыда дүниеге келіп, өнерпаздар отбасында өскен. Сондықтан да шығармашылықпен бала күнінен айналысады. Әкесі музыка мектебінің директоры, анасы хор жетекшісі. Ата-анасына еліктеп, ол да музыка мектебіне оқуға түскен.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Colorit (@coloritmusic)

Ол бірнеше жыл бойы Симба лақап атымен өнер көрсеткен. Кейін 2020 жылы жазда Арыстан музыкалық бағытын түбегейлі өзгертіп, Colorit есімімен тыңдарманға қайта оралды. Енді ол жазған шетелдік әуендер нұсқасына Егор Крид, Клава Кока және басқа да танымал әртістер видео түсіріп жүр. 

Сонымен қатар, ол жақында Jah Khalib ұйымдастырған каверлер байқауында жеңімпаз атанды. Содан кейін танымал ресейлік Black Star және Sony Music-тен ұсыныс түскен. Қазір музыкант Zivert, Feduk, Иван Дорнды насихаттаумен айналысатын P.M.I. Music музыкалық ұйымымен келісімшартқа отырды. Жақында Арыстанның жеке альбомы шығады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети