Ресейлік әнші Нюша Қайрат Нұртастың концертінде ән айтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі әншінің директоры Лаура Бекболатқызына сілтеме жасап.
Ресейлік әнші Нюша Қайрат Нұртастың концертінде ән айтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі әншінің директоры Лаура Бекболатқызына сілтеме жасап.
Нюша мен Қайрат Нұртас тыңдармандарын концертке қазақ тілінде шақырды. Видео әншінің Instagram желісіндегі парақшасында жарияланды. Әншінің 10 жылдық шығармашылығына арналған концерт Астана мен Алматы қалаларында өтеді. Қайрат Нұртасты құттықтауға оның жақын достары, қазақстандық және шетелдік әншілер келеді.
Айта кетейік, Қайрат Нұртас биыл ресейлік МУЗ-ТВ телеарнасының "Қазақстанның үздік әншісі" атағын жеңіп алған болатын. Марапаттау рәсімі Астанада 6 маусым күні өтті. Бұл номиниация жүлде тарихында алғаш рет ұсынылды.
Қайрат Нұртас сахнаға алғаш рет тоғыз жасында шыққан. Аздаған шығармашылық жолында ол жүздеген ән жазып, тоғыз әнжинақ шығарып үлгерді. Ол Қазақстан бойынша жеке концерттерін жиі өткізеді. 2013 жылы оның "Өкініш" атты фильмі прокатқа шықты.