01 қазан 2015 10:50

Қазақстандық әнші Арал қасіреті жайлы бейнебаян түсірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бейнебаяннан алынған кадр Бейнебаяннан алынған кадр

Қазақстандық әнші Диана Шарапова Арал қасіреті жайлы бейнебаян түсірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Mironov Entertainment агенттігіне сілтеме жасап.


Қазақстандық әнші Диана Шарапова Арал қасіреті жайлы бейнебаян түсірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Mironov Entertainment агенттігіне сілтеме жасап.

Агенттіктің мәліметінше, бейнебаян Қазақстан мәдениетінің еңбек сіңірген қайраткері, композитор Сейдолла Байтерековтің "Аралдан ұшқан аққулар" атты лирикалық композициясына түсірілген. Сөзінің авторы - Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ақын Шөмішбай Сариев.

"Сюжет бойынша, әнші кеуіп қалған теңіздің орнын зерттейді. Оның теңізге сапары сор, шағылдар, кемелердің қанқалары, тастанды баржалар, түйелер керуендері және Арал портының атақты көтергіш крандарынан тұрады. Диана Көкарал аймағымен жүріп өтеді. Соңында әнші қазіргі кезде Сырдария өзенінің суымен толтырып, солтүстік Арал теңізін қорғап тұрған Көкарал бөгетіне келіп жетеді", - дейді агенттіктегілер.  

Айта кетейік, әнші Диана Шарапова ғана Арал тағдырын қозғап қойған жоқ сонымен қатар, әлемге танымал жұлдыздар - аты аңызға айналған Pink Floyd тобы өткен жылы өздерінің тартылып бара жатқан Арал туралы Louder than Words атты композициясына бейнебаян түсірген еді. Голливудтық актер Леонардо Ди Каприо Twitter-дегі өз парақшасында Арал қасіретін бейнелейтін суреттерді салып, өзінің көзқарасын білдірді.

Еске сала кетейік, Арал теңізінің жойылуы біздің өңірге ғана емес, бүкіл әлемге қауіпті екенін ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 27 қыркүйекте БҰҰ-ның Нью-Йоркте өткен Саммитінде айтты.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети