11 қаңтар 2016 16:00

Қазақстандық әнші Испанияда өткен халықаралық байқауда бас жүлде иеленді

ПОДЕЛИТЬСЯ

13 жастағы Дана Әли 13 жастағы Дана Әли

Қазақстандық 13 жастағы Дана Әли халықаралық Voices of Costa Brava байқауында "Джаз вокалы" номинациясы бойынша бас жүлде иегері атанып, "Эстрада вокалы" бойынша бірінші орын алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстандық 13 жастағы Дана Әли халықаралық Voices of Costa Brava байқауында "Джаз вокалы" номинациясы бойынша бас жүлде иегері атанып, "Эстрада вокалы" бойынша бірінші орын алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жас әнші қазылар алқасына Кристина Агилераның Something`s got a hold on me және Чак Джексон мен Марвин Янсидің This will be композицияларын таныстырды. Айта кетейік, конкурстың бас жүлдесі үшін Испания, Ресей, Беларусь, Армения және Әзірбайжан сияқты елдердің 10-нан аса қатысушысы таласты. Жүлдегер мұндай жеңіске қол жеткізу үшін үш ай бойы қызу дайындалған.

Дананың анасы конкурсқа әннің қалай таңдалғанын айтып берді. "Өте қызу дайындық жүргіздік. Ең бастысы конкурсқа жақсы ән таңдау болды. Бұл жөнінен бізге Диана Шарапованың вокал мектебінің оқытушысы Айдана Риза көмектесті. Ол Кристина Агилераның әнін ұсынды. Біз Интернеттен осы әнді орындаған барлық әншіні қарап шықтық. Негізінде Агилераның орындауындағы классикалық стиль ұнады. Алғашқы екі сабақта әнмен таныстық. Ары қарай әр дыбысты зерттедік, алтыншы сабақта ғана әнді айтуды бастадық", - деді жеңімпаз қыздың анасы Айгүл Махатова. Ол Voices of Costa Brava байқауынан кейін қызының ары қарай еңбек етіп, Диана Шарапованың мектебінде басқа да байқауларға дайындала беретінін айтты.

Айта кетейік, "Голос" шоуының қатысушысы, Қазақстан эстрадасының жарқын жұлдызы Диана Шарапованың вокал мектебі ашылғалы бері елімізде үлкен танымалдылыққа ие болып үлгерді. Мектеп білімді оқытушыларымен ерекшеленеді. Сабақ барысында көрермендер алдында өзін-өзі ұстау шеберлігі де үйретіледі. Бұл мектептің оқушылары халықаралық жобаларда жеңімпаз атанып жүр. Жақында ғана осы мектептің екі оқушысы Алматыда өткен "Содружество" байқауында бірінші және үшінші орындарды жеңіп алды.

Диана Шарапованың мектебінде қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен ашық сабақтар өткізіліп тұрады. Негізгі бағдарламаға кәсіби студияда төрт сағатқа созылатын дауыс жазу да кіреді. 

"Біз шынымен де мықты оқытушыларды таңдадық. Дегенмен бұл мектебіміздің жалғыз ерекшелігі емес. Біздің жұмысымыз тәжірибеден теорияға өтуге негізделген. Балалардың ән айтқысы келгенде оларды оқытып қоюдан аулақпыз. Бастысы - оқушының вокалмен айналысуға деген қызығушылығын ояту", - деді Диана Шарапова.

Мектеп оқушылары халықаралық кастингтерге қатысып тұрады. 2015 жылы мектептің үш оқушысы "Голос" жобасының балаларға арналған нұсқасына қатысуға шақырту алыпты. Бір қыз отбасылық жағдайларына байланысты байқауға бара алмаған. Ал қалған екеуінің біреуі эфирге түсуге рұқсат алған. Бағдарлама жақын арада эфирден көрсетіледі.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети