03 маусым 2018 12:00

Қазақстандық әнші Наzиманың финалда айтқан әні Тиматиді таңғалдырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Instagram © Instagram

Рэпер Тимати қазақстандық әнші Наzиманы ең үздік және "Песни на ТНТ" телевизиялық шоуында өзін 100 пайыз көрсете алған жалғыз өнерпаз деп атады.


Рэпер Тимати қазақстандық әнші Наzиманы ең үздік және "Песни на ТНТ" телевизиялық шоуында өзін 100 пайыз көрсете алған жалғыз өнерпаз деп атады.

Жобадағы қазылар алқасының мүшесі, музыкант Тимати кеше, 2 маусымда өткен жобаның финалында қазақстандық әнші "Беги" әнін орындап болғаннан кейін оны әбден мақтады.

"Мен үшін "Беги" өте мықты номер және фантастикалық финал!!! Құрметті жазылушылар, осыған дейін фавориттерімнің бар екенін жасырғаным үшін кешіріңдер. Жоба басталғалы бері ол менің басты фаворитім!!! Кастингте бірінші рет өнер көрсеткен сәтте мен жас, талантты, кәсіпқой маманды көрдім, онымен жұмыс істеудің өзі бір ғанибет!!! Мен үшін ол ең үздік, ол старттан бері шоу шеңберінде өзін жүз пайызға көрсете алды!!! Біздің команданың жоба бойы оған ән жазуының да себебі осы болған шығар, біз оған авторлық әндерді орындатпадық, бірақ олар бар еді. Бұл номер және бұл ән... сөзім жоқ..." - деп жазды Тимати Instagram парақшасында.

Сонымен қатар, Тимати Наzиманы "әдемі әрі жылдам" Lamborghini көлігіне теңеді. 

Айта кетейік, қазақстандық әнші Наzима (Нәзима Жәнібекова) "Песни на ТНТ" шоуының финалына өтті. Шоу барысында ол Тиматимен дуэт айтты.

Еске сала кетейік, мамырдың басында Наzима шоуда Шымкент жайлы ән айтты. Оның өнер көрсеткені түсірілген видео 2,4 миллион қаралым жинап, видеоға екі мыңнан аса пікір қалдырылған. Бұған дейін әнші "Падай со мной", сонымен қатар, Jah Khalib әні "Мамаситаны" орындады. 20 мамырда қазақстандық әнші "Бабл Гам" әнін орындап, жұртты таңғалдырды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети