10 ақпан 2017 19:21

"Қазақстанға түкіргенім бар" деген ресейлік әнші кешірім сұрады

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Қазақстанға түкіргенім бар" деп тікелей эфирде айтқан ресейлік "Серебро" тобының мүшесі кешірім сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Ольга Серябкинаның видеожолдауы музыкалық топтың Instagram желісіндегі ресми парақшасында пайда болды.


"Қазақстанға түкіргенім бар" деп тікелей эфирде айтқан ресейлік "Серебро" тобының мүшесі кешірім сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Ольга Серябкинаның видеожолдауы музыкалық топтың Instagram желісіндегі ресми парақшасында пайда болды.

 "Әрине, бұл түсінбестік болды. Мен жаман ештеңе айтқым келмеді және ешкімді де ренжіткім келген жоқ. Мен сұрақтан қашамын деп байқамай айтып қалдым... Mortal Kombat ойнағандар біледі, ойын өзіне тартып әкетеді де, айналаңда не болып жатқанын елемейсің. Олар сұрақты ойынның қызған тұсында қояды, мен тек сұрақтан бас тартқанымды жеткізгім келді. Ал не айтқанымды түсінген кезде тосылып қалдым. Өйткені мен мұндайды ойламаған да едім. Ренжітіп алған адамдардан шын көңілмен кешірім сұраймын. Бұлай болғанына өкінемін. Мені түсінесіздер деп ойлаймын", - деді Серябкина.

 

Еске салайық, "Мама Люба" хитінің орындаушысы, "Серебро" тобының солисі Ольга Серябкина тікелей эфирде "Қазақстанға түкіргенім бар" деген болатын. Эфир 9 ақпанда 15.00-де RuTv арнасында көрсетілген. Кадрлардан Ольга Серябкинаның "Казахстан...? Плевать на Каз..." дегенін естуге болады. Осыған байланысты әнші сынға ұшырады. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети