21 сәуір 2018 12:29

Қыдырәлі мен Қарақаттың ұлы Астананың ең ақылды жастарының бірі атанды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бекболат Болманов Бекболат Болманов

Белгілі продюсер, әнші Қыдырәлі Болманов пен Қарақат Әбілдинаның ұлы Бекболат Болманов Астананың ең ақылды жастарының бірі атанды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Жас Отан" жастар қанатының Астана қалалық филиалының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Белгілі продюсер, әнші Қыдырәлі Болманов пен Қарақат Әбілдинаның ұлы Бекболат Болманов Астананың ең ақылды жастарының бірі атанды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Жас Отан" жастар қанатының Астана қалалық филиалының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, "Жас Отан" ЖҚ Астана қалалық филиалы 13 сәуірде жастар арасында "IQ START" интеллектуалдық тестілеуін өткізді. Бұл шараға Астана қаласынан 84 мектептің 400-ден аса оқушысы қатысқан.

"Жеті адам ең үздік нәтиже көрсетті. Олардың арасында белгілі продюсер, әнші Қыдырәлі Болманов пен Қарақат Әбілдинаның ұлы Бекболат Болманов бар. Ұлының нәтижесіне көңілі толған әкесі "Жас Отан" ЖҚ Астана қалалық филиалына алғысын білдірді", - делінген хабарламада.

"Қасиетті жұмада кенжеміз мұсылман болып, сүндетке отырды. Әрбір әке Алла бере салғандарының кішкентай ғана болса да жетістігін,жеңісін көруге қуанышты...Тұңғышымыздың "Жас Отаннан" алған тұңғыш сертификатымен құттықтай отырып, Еліне қызмет жасайтын Ұлан болуын, барлық балаларға Алланың сүйікті құлы болуын тілеймін! Қайырлы кеш, Қазақ Елі", - деп жазды Қыдырәлі Болманов Instagram желісіндегі парақшасында.

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети