04 қазан 2019 09:30

Лос-Анджелес метросында ән айтқан үй-күйі жоқ әйелге танымал продюсер келісімшарт ұсынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видео кадрынан Видео кадрынан

Екі рет "Грэмми" жүлдесіне үміткер болған танымал продюсер әрі композитор Джоэль Даймонд Лос-Анджелес метросында ән айтуымен танылған ресейлік эмигрантқа келісімшарт ұсынды, - деп хабарлайды TMZ


Екі рет "Грэмми" жүлдесіне үміткер болған танымал продюсер әрі композитор Джоэль Даймонд Лос-Анджелес метросында ән айтуымен танылған ресейлік эмигрантқа келісімшарт ұсынды, - деп хабарлайды TMZ

Даймондтың айтуынша, ол Эмили Замуркамен бірге "классикалық және электронды-би музыкасы жанрлары араласатын жаңа хит" жазуға үмітті.

Еске салайық, бұған дейін Лос-Анджелес полициясы метроның бос платформасында ән айтқан үйі жоқ белгісіз әйелдің видеосын жариялаған. Онда әйел италиялық композитор Джакомо Пуччинидің "Джанни Скикки" операсынан ария орындайды. 

Үй-күйі жоқ әйел 52 жастағы ресейлік Эмили Замурка болып шықты. Ол 1990-жылдардың басында АҚШ-қа көшіп кеткен. Әйелдің айтуынша, ол телевизиялық бағдарламаларда опера әншілерін тыңдап, ән айтуды үйренген. Замурка басында Миссуриде тұрғанын айтады, қарттар үйі мен мейрамханаларда жұмыс істеген. Кейін Вашингтон штатына көшіп, шіркеуде фортепианода ойнаудан сабақ бере бастаған. Алайда денсаулығында проблемалар болып, кейін қаржылық қиындықтарға байланысты далада қалған. Содан бері мемлекет беретін әлеуметтік төлемге өмір сүріп жүр - айына 400 доллар алады. 

Әйелге көмектесу үшін полиция қалалық кеңеспен бірге қайырымдылық қорын ашқан, оған қазір 45 мың доллардан аса қаражат жиналған. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети