03 қыркүйек 2015 11:31

Луина түріктің Rising Star шоуына қатысып жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Айжан Түгелбаева © Айжан Түгелбаева

Қазақстандық әнші Луина белгілі Rising Star Turkey шоуына қатысып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстандық әнші Луина белгілі Rising Star Turkey шоуына қатысып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Rising Star шоуы қыркүйектен бастап туріктің TV8 телеарнасынан көрсетіліп жатыр. Ұйымдастырушылар Луинаны алдын ала өтетін кастингке шақырған. Қазақстандық әнші мыңдаған қатысушының ішінен суырылып алға шықты.

Айта кетейік, Rising Star - жаңа форматта өткізілетін интерактив шоуы. Әнші сахнаға шыққан кезде алдында қабырға тұрады, ол қазылар алқасын көре алмайды. Қатысушы 70 пайыздан жоғары дауыс жинағанда ғана қабырға көтеріледі.

Әнші Луина Beyonce-тың Halo композициясын орындап, 86 пайыз дауыс жинады. Әншінің қойылымы құрамына танымал тұлға Мустафа Сандал, әнші Демет Акалын, Ойку Сертер және Фуат кіретін қазылар алқасына ұнады және төртеуі де "Иә" деді. Енді екінші айналымда Луина басқа қатысушылармен кездесіп, жобаның жартылай финалына өту үшін өнер көрсетеді.

"Мұндай үлкен шараға қатысу жауапкершілікті талап етеді және бұл мен үшін бақыт. Аздап қобалжып тұрғаным рас, дегенмен миллиондаған телекөрерменнің алдында тұрып ән айту үлкен тәжірибе", - деді Луина.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети