Мақпал Жүнісова Ташкентте жеке концерт берді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

"Қазақтың ерке қызы" атанған халықтың сүйікті әншісі, Қазақконцерт солисі Мақпал Жүнісованың мақпалдай дауысы Ташкент жұртшылығын тамсандырды. Қазақстанның Өзбекстандағы жылы аясында Ташкентте өткен Мақпал Жүнісованың концерті шетелдік көрерменнің зор ықыласына бөленді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Мәдениет және спорт министрлінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

"Қазақтың ерке қызы" атанған халықтың сүйікті әншісі, Қазақконцерт солисі Мақпал Жүнісованың мақпалдай дауысы Ташкент жұртшылығын тамсандырды. Қазақстанның Өзбекстандағы жылы аясында Ташкентте өткен Мақпал Жүнісованың концерті шетелдік көрерменнің зор ықыласына бөленді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Мәдениет және спорт министрлінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Еліміздің ұлттық музыкалық мұрасын кеңінен насихаттауға зор үлес қосқан Мақпал Жүнісованың концерті "Туркистон" концерт залында аншлагпен өтті. Концертте әншінің белгілі туындылары, қазақтың халық әндері және танымал орыс романстары орындалды. Әнші Қазақконцерттің өнер ұжымдары - "Астана сазы" этно-фольклорлық ансамблі мен "Saz&soul" вокалдық-аспаптық ансамблінің сүйемелдеуімен өнер көрсетті.

Ансамбльдер белгілі композиторлар әрі мульти инструменталист музыканттар Бауыржан Ақтаев пен Әділжан Толықпаевтың жетекшілігімен сахнаға шығып, қазақтың дәстүрлі музыкасы мен эстрада өнерін үндестірген тамаша синтездің үлгісін ұсынды. Халқымыздың ұлттық музыкасын жаңа форматта ұсынған ансамбльдер талғампаз тыңдарманның құлақ құрышын қандырды. Бұған қоса, тыңдарман қауымға өз өнерін белгілі әнші Ержан Белғозиев пен концертмейстер Олжас Байділдаев ұсынды.

Осы айтулы жылға сәйкес Қазақконцерт артистері Ташкентте екі үлкен концерт беріп үлгерді. Бұдан аз уақыт бұрын Ташкенттңң дәл осы "Туркистон" концерт залында Қазақконцерт солисі, белгілі әнші Роза Рымбаеваның концерті өткен болатын.

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Қазақконцерт ұсынған тың жобалар бауырлас халықтарды одан әрі жақындастырып, ежелден бері келе жатқан ынтымағымызды одан әрі жарастыра түскені анық.

Гастрольдік сапарды сәтті өткізген Қазақконцерт ұйымының артистері тағы бір үлкен жетістікке қол жеткізді. Қазақконцерт ұйымы Өзбекстан мемлекеттік филармониясымен ынтымақтастық туралы меморандум жасасты. Екі жақты меморандум шеңберінде екі елдің мәдени қарым-қатынасы арта түседі.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 524.37  course up  610.36  course up  6.7  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer