29 қаңтар 2019 10:49

Майкл Джексонның туыстары мәлімдеме жасады

Дина Муратова Редактор

ПОДЕЛИТЬСЯ

© FOX 11 Los Angeles © FOX 11 Los Angeles

Поп-музыка королі Майкл Джексонның жақындары "Пoкидaя Heвepлeнд" (Leaving Neverland) деректі фильмін сынға алды. Фильмде болжаммен әншінің балаларға деген жыныстық қорлау көрсетілгені жайлы айтылады, - деп хабарлайды USA TODAY.


Поп-музыка королі Майкл Джексонның жақындары "Пoкидaя Heвepлeнд" (Leaving Neverland) деректі фильмін сынға алды. Фильмде болжаммен әншінің балаларға деген жыныстық қорлау көрсетілгені жайлы айтылады, - деп хабарлайды USA TODAY.

Фильмде көрсетілген жайттар әншінің жанкүйерлерін де таңғалдырды. Төрт сағаттық фильм АҚШ-та 25 қаңтарда кинофестивальда көрсетілді. Фильм Джeймc Ceйфчaк пен Уэйд Poбcoнның айтқан әңгімелерінің негізінде түсірілген. Оларды Майкл Джексонның ең басты құрбандары деп санайды. Әнші оларды "кішкентай достарым" деп атаған. Олар балалық кезінде музыка королімен сөйлескен және оның сексуалдық ойыншықтары болған делінеді.


Maйкл Джeкcoн мен Уэйд Poбcoн. © Hollywoodlifenews


Maйкл Джeкcoн мен Джeймc Ceйфчaк. © Hollywoodlifenews

Ceйфчaк пен Poбcoн балалық шағында болып жатқан жағдайды түсінбеген. Мұның бәрі әншінің ранчосында болған делінеді. Айтуларынша, әнші оларға осы жағдайды ешкімге айтпауын ескерткен және Неверлендке басқа адамдар келетін болса дабыл дыбысы шығатынын ескерткен. Бала кезінде олар Майкл Джексонға сенген және оның танымалдығына сүйсінген.

Оған қоса фильмнің режиссері Дэн Рид айтылған әңгімеге сенетінін айтты. Көпшілікке бұл фильм HBO телеарнасында биыл көктемде көрсетіледі.


"Пoкидaя Heвepлeнд" фильмінің режиссері Дэн Рид Ceйфчaкпен және Poбcoнмен. © ABC News

Музыканттың туыстары фильмнің басты кейіпкерлерін алаяқтар деді. Олар фильм авторларын "әлемге әйгілі әншінің атын пайдаланып ақша табудың жолы" деп мәлімдеген. Олар ақпарат құралдары әншінің жақын туыстары мен достарына сенбей, фильмге сенгеніне өкініш білдірген.

"Майкл және біз оларға әрдайым қарсылық білдіретінбіз, мұндай мәлімдемелерге біз жай ғана қарап отыра алмаймыз", - деді әншінің жақындары. Оған қоса музыканттың туыстары Майклдың ранчосында 2005 жылы тексеріс жасалғанын және қорытындысы бойынша балаларға ешқандай зәбірк көрсетілмегенін айтты.  

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети