25 қыркүйек 2018 09:47

MBAND тобының қазақстандық солисі ТЭФИ сыйлығына ұсынылды

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Анатолий Цой (оң жақта), Назима және Тимати. © instagram/anatoliytsoy_official Анатолий Цой (оң жақта), Назима және Тимати. © instagram/anatoliytsoy_official

MBAND тобының қазақстандық орындаушысы Анатолий Цой телевизия өнеріндегі зор жетістігі үшін Ресей ұлттық ТЭФИ телевизиялық сыйлығына үміткер. Бұл туралы топтың Instagram әлеуметтік желісінде хабарланды. 


MBAND тобының қазақстандық орындаушысы Анатолий Цой телевизия өнеріндегі зор жетістігі үшін Ресей ұлттық ТЭФИ телевизиялық сыйлығына үміткер. Бұл туралы топтың Instagram әлеуметтік желісінде хабарланды. 

"Биын сенсация болуы мүмкін! Анатолий Цой - "прайм-таймның көңілді ойын-сауық бағдарламасының жүргізушісі"! ТЭФИ сыйлығын табыстаудың салтанатты рәсімі 2018 жылы 3 қазанда болады", - делінген хабарламада. 

Биыл ақпанда Анатолий Цой CTC Love телеарнасында "Саранхэ" (корейше "мен сені сүйемін") шоуының жүргізушісі болды. Бағдарлама қатысушылары - бір-бірі жайлы сұрақтарға жауап беру арқылы ақша ұтқысы келген ғашықтар. 

Анатолий Цой 1989 жылы 28 шілдеде Алматыда дүниеге келген. Ресейлік "Хочу к Меладзе" байқауының жеңімпазы. Сонымен қатар екінші әлемдік Дельфий ойындарында "Эстрадный вокал" номинациясы бойынша қола жүлде иесі, X Factor шоуының қазақстандық нұсқасында National тобының құрамында өнер көрсеткен. 

2007 жылы SuperStarKZ жобасының төртінші кезеңіне қатысқан. Қазіргі таңда танымал MBAND бойз-бендінің әншісі. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.57   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети