Máńgilik El Daýysy шоуының онлайн-трансляциясын қайдан қарауға болады?

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Máńgilik El Daýysy алғашқы ұлттық музыка шоуының трансляциясы онлайн көрсетіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Máńgilik El Daýysy алғашқы ұлттық музыка шоуының трансляциясы онлайн көрсетіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жастар жылы аясында Нұр-Сұлтан қаласындағы Орталық концерт залында 9 қараша күні сағат 19.00-де Máńgilik El Daýysy концерті басталады. Бұған дейін баламасы болмаған бірегей шоуда Қазақстанның эстрада жұлдыздары хит әндерін жанды дауыста орындайды. Massaget.kz, Tengrinews.kz, сондай-ақ TENGRI TV концертті тікелей эфирде көрсетеді.

Концертте Ерке Есмахан, Айқын, Нұржан Керменбаев, Raim & Artur, Ерболат Құдайберген және ORDA тобы өнер көрсетеді.

Жоба көрермендерді ерекше қойылымдар, әдемі безендірумен қуантып, тыңдармандардың артистермен бірге ән айтуына мүмкіндік жасайды. Көрермендерге ыңғайлы болуы үшін әндердің мәтіні LED-экрандарда көрсетіліп отырады. Осылайша көрермен мен артист арасында ерекше байланыс орнап, шоуда ерекше атмосфераға болмақ.

Шоу режиссері Марина Ожерелова көрермендер сүйікті әншісінің әндерін орындап қана қоймай, сонымен қатар, халық әндерін де шырқай алатынын атап өтті.

"Máńgilik El Daýysy - әртүрлі жастағы тыңдармандардың басын қосатын шоу. Ол тек жастарға ғана емес, сонымен қатар жасы үлкен адамдарға да қызықты болады. Себебі концертте қазақтың халық әндері де шырқалатын болады", - дейді режиссер.

Жоба ұйымдастырушысы - Pantograph продюсерлік орталығы мен Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі, ақпараттық қолдау - Alash Media Group холдингі, "Жұлдыз FM, Tengri FM радиостанциялары.

Шараға билеттерді ticketon.kz сайтынан сатып алуға болады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 511.7  course up  589.98  course up  6.39  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer