07 қазан 2022 13:58

Máńgilik El Daýysy: Сүйікті әндерді ел болып шырқаймыз

ПОДЕЛИТЬСЯ

Máńgilik El Daýysy ұлттық музыкалық шоуы оралды! 25 қазанда Астанада бір сахнада Қазақстанның үздік әртістері бүкіл елдің сүйікті әндерін орындайды. Шоу Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен Республика күніне орай өтеді, ақпараттық қолдаушы - Alash Media Group холдингі.


Máńgilik El Daýysy ұлттық музыкалық шоуы оралды! 25 қазанда Астанада бір сахнада Қазақстанның үздік әртістері бүкіл елдің сүйікті әндерін орындайды. Шоу Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен Республика күніне орай өтеді, ақпараттық қолдаушы - Alash Media Group холдингі.

Барша қазақстандықты біріктіріп, сахнаның үздік әртістері мен көрермен арасындағы шекараны өшіретін шоу - еліміздің басты мерекесі 25 қазан күні сағат 19:00-де Бейбітшілік және келісім сарайында өтеді.

Бір платформада ең танымал хитін орындайтындар:

ӘMІRE, 2RAR, Нұржан Керменбаев, Yenlik, Ayree және Қайрат Нұртас!

Биыл көрерменді талантты музыкант және композитор Әділжан Толықпаевтың жетекшілігімен Saz&Soul тобының музыкалық сүйемелдеуімен 100 пайыз live күтеді. Сондай-ақ, жас әрі талантты орындаушылар Сағын Өмірбайұлы мен Әйгерім Тілеубек өнер көрсетеді. ARTballet ұжымының орындауындағы ерекше би қойылымдары және DJ Puza кеш атмосферасын жандандырады. Шоу жүргізушілері: танымал тележүргізушілер Салтанат Серкебаева мен Жансерік Бейсеев.

Көрермен қазақстандық эстрада жұлдыздарымен баршаға таныс, бүкіл ел сүйетін әндерді орындап, шоудың толыққанды қатысушысына айналады және туған елінің мәдениетіне қосыла алады. Қазақстанның үздік орындаушыларының хит әндерінің мәтіні арнайы LED-экрандарда көрсетіледі.

Билеттерді Ticketon.kz сайтынан сатып алуға болады.

Жобаның директоры Марина Ожерельева бірегей шоу туралы толығырақ айтып берді:

"Қазақстандықтар әрқашан өзінің музыкалық қасиетімен және әнге деген сүйіспеншілігімен танымал, өйткені олар халқымыздың бүкіл жан-дүниесін ашады. Биыл, әсіресе Республика күніне орай, бірге шырқап, бір-бірімізге тамаша көңіл  күй, жылулық пен тек жағымды эмоция сыйлау үшін ең сүйікті әртістер мен ең танымал әндерді таңдадық.

Көрерменді түрлі-түсті шоу, тек жанды дыбыс, бірегей авторлық өңдеу мен би қойылымдары, заманауи графика мен диджей тректері күтеді. Биыл біз жас және талантты орындаушыларды – балалар телевизиялық жобалары мен байқауларының қатысушыларын шоуымызға қатысуға шақыру арқылы оларға қолдау көрсетуді ұйғардық.

Басқа қалалардың тұрғындары онлайн-трансляцияға қосылып, осы қуанышты эмоцияны бөлісе алады. Бұл кеште музыкаға деген сүйіспеншілік достарды, отбасыларды біріктіріп, махаббат, мейірімділік және жақсылыққа сенім атмосферасын қалыптастыратынына сенімдіміз!".

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети