Министр Жанар Хамитованың қазасы жайлы: Өз-өзіне қол жұмсау дерегі

17 Қыркүйек, 10:56
0
Министр Жанар Хамитованың қазасы жайлы: Өз-өзіне қол жұмсау дерегі -

Қазақстанның ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев әнші Жанар Хамитованың өлімі туралы іске қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Жанар Хамитованың ісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Барлығыңыз білесіздер, онда өз-өзіне қол жұмсау дерегі болды. Кейбір жағдайларға байланысты, Қарағанды облысында қылмыстық іс қозғалды, соның аясында барлығы тексеріледі", - деді министр үкімет кулуарында. 

16 қыркүйекте SuperStar.kz байқауының бұрынғы қатысушысы Жанар Хамитованың қайтыс болғаны хабарланған. Полиция "Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу" дерегі бойынша із қозғады. 

Жанар Хамитова SuperStar.kz байқауы арқылы танымал болды. Кейінірек ол Нұржан Керменбаевпен бірге "Арнау" тобын құрды. 

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай