1. Басты
  2. Біл
  3. Мәдениет
  4. Әуен

Мұхаммедәли Жүгінісов "Детская Новая волна-2014" байқауына қатысады

Мұхаммедәли Жүгінісов. Мұхаммедәли Жүгінісов.

10 жастағы Мұхаммедәли Жүгінісов "Детская Новая волна-2014" халықаралық байқауына Қазақстанның атынан қатысады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астаналық жас әнші "Аялаған Астана" фестивалінің жеңімпазы атанған еді, бұл оған балаларға арналған ірі музыкалық байқауға қатысуға жолдама беріп отыр. Мұхаммедәли "Аялаған Астана" фестивалінде үш күн бойы көш бастап тұрды. Дуэттер сайысында тәлімгері Әнел Арыновамен бірге "Турбо" мультфильміндегі әнді орындады. 

Конкурс қазыларының арасында A'Studio тобының жетекшісі Байғали Серкебаев, "Новая волна" байқауының бас директоры Александр Румянцев, "Аялаған Астана" жобасының бас продюсері Лина Арифулина және арнайы мейман - 5sta Family тобының солисі Юлианна Караулова болды.

Мұхаммедәли Жүгінісов шығармашылық ортада өскен. Оның анасы - Қалибек Қуанышбаев атындағы қазақ драма театрының актрисасы, әкесі - продюсер. Бала музыкамен алты жасынан бастап айналысады. Оның вокалдан алғашқы ұстазы - анасы. Ағасы Рүстем Жүгінісов - X-factor думанының финалисі.

"Детская Новая волна-2014" халықаралық байқауы 16-18 тамыз аралығында "Артекте" өтеді. 2013 жылы байқауға Қазақстанның атынан көкшетаулық Болат Батырбаев қатысқан еді. Екі күннің қорытындысы бойынша ол жетінші орынды иеленді.