11 қараша 2014 09:41

"На вершине Тенгри" жобасының соңғы жартылай финалисі анықталады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Blues Motel тобы Blues Motel тобы

"На вершине Тенгри" жобасы VI маусымының қараша сессиясы екі концертпен аяқталады. 12 қарашада қарашаның жартылай финалына үшінші болып шығуға төрт топ таласады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Көрермендер Blues Motel, For Tea, "Город Контрастов" сияқты алматылық ұжымдар мен Екібастұз қаласынан келген Bissa тобының өнерін тамашалай алады. 14 қараша күні конкурстың жартылай финалына шығатын ұжым анықталатын тағы бір концерт өтеді. Екі концерт те Қазыбек би 20, Қалдаяқов көшесінің қиылысындағы Event City Hall (бұрынғы Cinemabar) клубында болады. Басталуы - 22.00-де.

For Tea тобының солисі Юрий Шутко Қазақстанда рок-музыканың дамуы үшін осындай шараларды жиі өткізіп тұру керек деп есептейді. ""На вершине Тенгри" жобасына, сөзсіз, тек жағымды пікір айтылып жатыр және әрине, мұның барлығы да қарқынды бола түсуі тиіс. "На вершине Тенгри" - рок музыканттарға өзін көрсету үшін берілген керемет әрі жалғыз мүмкіндік", - деді Шутко.

BluesMotel ұжымының мүшесі Кирилл Говорухин өз кезегінде "На вершине Тенгри" жобасы Қазақстандағы бірегей шара деп есептейді. "Қазақстандық рок-сахнаны осындай ашық, жарқын әрі ірі масштабта қолдағандарды естіген емеспін", - деп мәлімдеді ол.

Айта кетейік, алдағы 12 қараша күні өтетін концерттің жеңімпазы бірінші екі қараша сессиясының жеңімпазы болған The Moloty және Kod A ұжымдарына қосылып, үштікті толықтырады. Ал одан кейін осы үш жеңімпаз ұжым 14 қараша күні "Конец фильма" тобының көшбасшысы Евгений Феклистовпен бірге өнер көрсетеді. Сахнаға Headn’t tea, iFLY, LampЫ Orchestra, Paradox, "Эклектика" және Angry Ants топтары да шығады.

Еске сала кетейік, "На вершине Тенгри" жобасының VI маусымы үш сессиямен өтіп жатыр: қыркүйек, қазан және қараша сессиялары. Қазылар алқасы олардың әрқайсынан 5 желтоқсанға жоспарланған финалдық концертке өтетін бір топтан таңдайды. Қыркүйек айының қорытындысы бойынша Hadn't tea тобы жеңімпаз болды. Қазанда финалға LampЫ Orchestra шықты. Енді көпшілік қазылар алқасының қараша сессиясының жеңімпазы деп кімді табатынын күтіп жатыр. Айта кетейік, әр сессия жеңімпаздары жүлде ретінде жоба әріптесі - APM music Land музыкалық аспаптар дүкені ұсынған 100 мың теңгеге ие болады. Ал VI маусымында үздік шығып, жалпы финалда жеңімпаз атанған топ 2015 жылы жазда ресейлік ірі рок-фестивальға қатысып, оған Қазақстанның атынан өнер көрсетуге жолдама алады.

"На вершине Tенгри" - Қазақстандағы ең ірі рок-жобалардың бірі. Оны Tengri FM радиостанциясы 2010 жылы қолға алды, жоба елдің шығармашыл жастарын қолдауға бағытталған. Музыканттар үлкен сахнада өнер көрсетуге ғана емес, сонымен бірге, ұлттық радио эфиріндегі тегін ротация құқығына да ие болады. Жоба Қазақстанның әр аймағындағы 300 рок-топты біріктірді, олар жобаға 2500-ден астам композициясын ұсынды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети