23 сәуір 2021 15:52

"Новая волна - 2021" байқауында Қазақстан атынан кім өнер көрсетеді?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Mezzo тобы Mezzo тобы

Биыл "Новая волна" халықаралық вокал байқауында Mezzo тобы Қазақстан намысын қорғайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Биыл "Новая волна" халықаралық вокал байқауында Mezzo тобы Қазақстан намысын қорғайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мәскеуде жартылай финалға бірнеше күн бойы іріктеу өтті. Оған Ресей, Беларусь, Украина, Қырғызстан, Армения, Грузия, Израиль, Аустрия, Аустралия, Нидерландыдан 80 музыкант қатысты. Онда Mezzo тобы ABBA тобының репертуарынан, Westside story мюзиклінен ән орындады, өздерінің авторлық әнін де айтты. 19-25 тамыз аралығында Сочиде өтетін байқаудың финалына 20 әртіс өтті.

Mezzo - классикалық және танымал музыка элементтерінің синтезі саналатын классикалық кроссовер бағытында жұмыс істейтін Қазақстандағы алғашқы вокалдық топ. Олар 2012 жылы құрылған. Топта Жасұлан Сыдықов, Жәнібек Сейдахметов, Асан Нұрбергенов және Мейірхан Жантұрғанов ән айтады. Ұжым 2012 жылы X Factor Kazakhstan конкурсында 2-іші орын алып, танымалдылыққа ие болған.

Айта кетейік, балалар арасындағы "Новая волна" іріктеуінде Қазақстаннан финалға 11 жастағы Жан Маким өтті. Іріктеу үш кезеңнен тұрды. Қазылар алқасы мыңнан аса қатысушы арасынан Жанды таңдады.

Ол музыкамен шамамен төрт жыл бұрын айналыса бастаған. Фортепианода, электр гитарада, укулеледе, барабанда ойнайды. 2019 жылы Жан Маким Ресейдегі "Голос. Дети" байқауына өтіп, Валерий Меладзенің командасына түскен. Ал 2020 жылы "Балалар Евровидениесі" байқауының финалисі болды.

 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети