26 желтоқсан 2016 13:56

Нұрлан Ноғаев сазгер Илья Жақановқа шапан жапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Кеше, 25 желтоқсанда Атырауда сазгер әрі жазушы Илья Жақановтың "Еділ-Жайық" атты ән кеші өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Кеше, 25 желтоқсанда Атырауда сазгер әрі жазушы Илья Жақановтың "Еділ-Жайық" атты ән кеші өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Кешті Атырау облысы тұрғындары және қонақтарымен қатар, аймақ басшысы Нұрлан Ноғаев тамашалады. Мерекелік концертке, сонымен қатар, ақын Маралтай Райымбекұлы мен Бақұштап Бақтыгереева, құрметті теміржолшы Амангелді Селбаев пен белгілі заңгер Бекет Тұрғараев та келді.

Сондай-ақ, концертте сазгердің "Сол бір ән", "Түнгі Серенада", "Толағай", "Әселім" сынды әндері шырқалған.

"Өнер адамдарының еңбегін килограммен, тоннамен, метрмен өлшеуге болмайды. Олардың жұмысын елдегі бейбітшілік пен қоғамдағы тазалықтан байқаймыз", - деді ән кешіне арнайы келген аймақ басшысы Нұрлан Ноғаев.

Облыс әкімі сазгер Илья Жақановты биылғы 80 жылдық мерейтойымен құттықтай отырып, жұбайы Тиыш апа екеуінің иығына шапан жауып, Елбасы атынан "Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл" мерекелік медалімен марапаттады.

Концерттің соңында жиылған халық сазгердің "Еділ-Жайық" әнін бірге шырқап, шашудан ауыз тиді. Ал Илья Жақанов кешке келген көрермендер мен әншілерге алғыс айтты.

Айта кетелік, Илья Жақанов - сазгер, жазушы, публицист, музыкатанушы, Қазақстан мен Қырғызстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері. "Біржан сал", "Ақан сері", "Үкілі Ыбырай", "Естай әнші" сынды зерттеу еңбектерінің, "Ықылас" романының, "Қайта оралған ән", "Қош бол, вальс" повестерінің, халық арасында кең таралған "Әселім әнім", "Даниярдың әні", "Ақ қайың", "Жайлаукөл кештері" әндерінің авторы. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети