03 ақпан 2020 21:46

Oxxxymiron қазақстандық қарсыласына қазақ тілінде дисс оқыды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Oxxxymiron (Мирон Федоров) Фото: instagram.com/norimyxxxo Oxxxymiron (Мирон Федоров) Фото: instagram.com/norimyxxxo

Ресейлік рэп орындаушысы Oxxxymiron (Мирон Федоров) Hip-Hop.Ru Тәуелсіз баттлының 17-раундында Asylllum атымен танымал алматылық Асылбек Шанбаевқа қарсы қазақ тілінде рэп оқыды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мирон YouTube-тегі арнасында қарсыласы Asylllum-ге арналған "В книге все было по-другому" деген дисін жариялады. Трек соңында ресейлік қазақ тілінде рэп оқиды.

Ескерту! Видеода былапыт сөздер айтылады!

Айта кетейік, Асылбек Шанбаев та өз дисін жариялады. 

Oxxxymiron мен Asylllum 2019 жылы маусымда басталған онлайн-баттлға қатысып жатыр. Олар бір-бірімен қарсы шығу алдында үш іріктеу кезеңінен өткен. Төртінші раундтың жеңімпазын төрешілер бірнеше күн ішінде анықтайды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети