Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.32
EUR / KZT - 392.58
CNY / KZT - 50.02
RUB / KZT - 5.64

Ресейдің ақпарат құралдары қазақстандық рэперді Канье Уэстпен салыстырды

02 Желтоқсан 2015, 12:04
0
Сурет әлеуметтік желіден алынған
Сурет әлеуметтік желіден алынған

Ресей ақпарат құралдары павлодарлық рэпер Скриптониттің әнжинағын өз жанры бойынша 2015 жылғы ең үздік альбом деп таныды.

Ruposters Life порталының шолушысы қараша айының соңында шыққан "Дом с нормальными явлениями" атты әнжинақтың өзінің ерекше стилі мен дыбысының арқасында орыс тілді хип-хопқа түбегейлі өзгеріс алып келгенін жазды. "Скриптонит лақап атын жамылған қазақстандық Павлодардан шыққан Әділ Жәлелов жаңа әнжинақ шығарды, оның деңгейі жайында айтар болсақ, оның кейбір тректерінің өзін Канье Уэсттің жаңа әнжинағына жазса да орынды болар еді, егер ол трэпке (хип-хоп бағыты) ауысса. Оның Скриптонитпен ұқсастығы жетерлік - рэпердің жанрлар арасындағы кедергілерге төтеп беретін батылдығы, ерекше музыкалық білімі", - деп жазды басылым.

Порталдың мәліметінше, Скриптониттің әнжинағы ресейлік iTunes ән шеруінде көшбасы болды, ол тіпті Джастин Бибер мен Адельді ығыстырған. Алайда релиз музыканттың тыңдармандарына бірдей ұнаған жоқ - көпшілігіне "Дома с нормальными явлениями" әнжинағының эксперименттік дыбысы ұнамады, онда блюз, госпел, соул және рок-баллада жанрлары біріктірілген. "Бірақ бұрын орыс тіліндегі рэпті жақтырмаған адамдар күтпеген жерден оны белсенді түрде тыңдай бастады", - деп жазды Ruposters Life.

Rolling Stone журналы былай деп жазды: "Gazgolder Records лейблі мен орыс рэпінің келешегі зор жаңа өнерпазы Скриптонит жасөспірім кезінен бастап өнерімен тәнті қыла бастады. Қазақстанның тумасы Құрама Штаттардың оңтүстік хип-хопымен жігерленіп, мәтіндерге эксперимент жасауға тырыспайды, олардың мәні тереңде, ол жалпы орыс рэпіне тән, кейіпкері шынайы өмірдегіден ақылдырақ көрінуді қалайды. Мұның орнына Әділ музыкалық құрамға мән берген, ол мұнымен өзі айналысады".

"Воздух" порталы әнжинақты қарашаның соңғы аптасында әлемдік музыка индустриясында болған басты оқиға деп атады. Басылым ресейлік рэп-сахна қатысушыларының ән шеруден шетелдік орындаушыларды ығыстырғандарын жазды. "Бұл сахнаға мейіріммен қарататын тағы бір себеп - Скриптониттің "Дом с нормальными явлениями" атты дебютті әнжинағы, ол орыс тілінде биыл шыққан ғажап жинақтардың бірі. Скриптониттің әдісін түсіндіріп беру қиын, сондықтан өздеріңіз тыңдаңыздар", - деп жазды портал.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай