16 мамыр 2022 12:00

"Ретро FM" плейлисті: Адель Оразалинова қандай әндер тыңдайды?

Адель Оразалинова - танымал тележүргізуші, продюсер, ерікті және азаматтық белсенді. Көптеген адам Адельдің аспаздық бағдарламасында дұрыс және дәмді ас дайындап жүргеніне үйреніп қалған. Алайда Адельдің музыкалық талғамы да керемет - арнайы Tengrinews және "Ретро FM" үшін тележүргізуші бірнеше сүйікті өлеңін ұсынды. 


Адель Оразалинова - танымал тележүргізуші, продюсер, ерікті және азаматтық белсенді. Көптеген адам Адельдің аспаздық бағдарламасында дұрыс және дәмді ас дайындап жүргеніне үйреніп қалған. Алайда Адельдің музыкалық талғамы да керемет - арнайы Tengrinews және "Ретро FM" үшін тележүргізуші бірнеше сүйікті өлеңін ұсынды. 

Алматыда 107,5 FM немесе Нұр-Сұлтан мен елдің басқа қалаларында 104,5 FM толқындарында Ретро FM радиосын тыңдаңыздар.

Aretha Franklin - Respect

Respect әні соул ханшайымы Арета Франклиннің орындауында хитке айналды. Бірақ оны бұған дейін басқа әнші - Отис Реддинг орындаған болатын. Композицияны орындау туралы шешім қабылдаған Франклин кейбір сөздерін өзгертіп, акцент қосып, өзін құрметтеуді талап ететін мықты әйелдің монологына айналдырды. Әннің бұл нұсқасында хор мен қайырмасының орны ерекше. Нағыз феминизм әнұраны және ол 1967 жылдар болатын!

Муслим Магомаев - "О море, море" ("Синяя вечность")

"Синяя вечность" әні Муслим Магомаевтың басты әндерінің бірі деп бекер айтылмаған - композиция алғаш орындалғаннан бастап танылып кетті. Алғаш орындалғаннан кейін 1969 жылдары ән өзектілігін жоғалтпай, "Достояние республики" атты танымал телешоуында үздік болды. Айта кетейік, әннің сөзін Магомаевтың досы, инженер-жылу технигі және ақын Геннадий Козловский жазған. 

Алла Пугачева - "Сбереги тебя судьба"

"Сбереги тебя судьба от печали и обмана, от несбывшейся мечты и от клятв, как дым, непрочных, сбереги". Бұл туынды бәлкім танымал болмауы мүмкін, бірақ Алла Пугачеваның лирикалық әндерінің бірі болып саналады. Әнді тыңдағанда Примадоннаның қала шетіндегі үйінде серуендеп жүргені елестейді, себебі 1988 жылы 1 қаңтарда "Сбереги тебя судьба" бейнебаяны "Голубой огонек" бағдарламасында көрсетілген болатын. 

Madonna - Don't Сry For Мe Argentina

Don’t Cry For Me Argentina - Эндрю Ллойд Уэббер мен Тим Райстың "Эвита" атты мюзикліндегі ең танымал ән және ол Мадоннаның орындауында тіпті ерекше. Мюзикл танымал аргентиналық саяси қайраткер Эва Перон, аргентиналық президент Хуан Перонның әйелі туралы. 1997 жылы Мадонна басты ролде болған "Эвита" фильміндегі әнді жазу кезінде бөлек сингл ретінде шығып, түрлі чартта біраз уақыт бойы бірінші орында болды. 

Роза Рымбаева - "Алия"

Бұған сену, әрине, қиын, бірақ Роза Рымбаеваның орындауындағы "Әлия" әніне 45 жыл толды және Рымбаева бұл әнді алып шыққан алғашқы адам. Бұл туындыны естіген әрбір адам ән Әлияның батырлық сипатын тамаша жеткізетінімен келісетін шығар. 

Whitney Houston - I Have Nothing

Уитни Хьюстонның ең танымал әндерінің бірі - "Телохранитель" фильміндегі ән. Әрине, ол I Will Always Love You атты туындысынан кейінгі орындағы ән. Әнді жеткізе білуі, керемет баллада - бұл әншіге көрсеткен құрметтің бір бөлігі ғана. Тіпті бүгіннің өзінде, әннің жарыққа шыққанына 30 жыл өткеніне қарамастан, I Have Nothing Хьюстонның миллиондаған жанкүйерінің жүрегінде қалған туынды.  

Сплин - "Весь этот бред"

Александр Васильевтің "Весь этот бред" атты әні екінші бейресми "Я умираю от скуки" атауымен де белгілі. Әншінің жанкүйерлері әлі күнге дейін автор неден шабыт алғанын ойлап, дал болады. Васильевтің өзі бұған қатысты ештеңе демеді, ол жай ғана форумдардағы талқылауларды бақылап отырады. 

Татьяна Анциферова - "Ищу тебя"

Тағы бір туындыны "31 июня" фильмінің кейіпкері, Мелисента ханшайым роліндегі балерина Наталья Трубникова орындайды. Кинотуындыда тағы бір балет жұлдызы, Үлкен театр бишісі Александр Годунов та бар. Кейіннен кинотуындыдағы басты ролдегі кейіпкердің бірі АҚШ-тан саяси баспана сұрап кеткен болатын.   

Батыр - "Гүл Алматым"

Оңтүстік астана туралы жылы, нәзік және махаббатқа толы "Гүл Алматым" әнінің орны ерекше. Орыс тілінде бұл әнді "Тақиялы періште" атты кинотуындыдан естуге болады. Фильмде әнді аңызға айналған баритон Ермек Серкебаев орындаған болатын. Ал қазақ тіліндегі сөзді ақын Жұбан Молдағалиев жазған еді. Оны Батырхан Шүкенов орындауындағы ән кейінірек шыққанымен халықтың жүрегінен орын таба білді. 

Земфира - "Лондон"

Земфираның бұл туындысы үшін қала фонетикалық параметрлер бойынша таңдалған - "Лондон аспаны" жақсы естілген. Одан бөлек 2000-жылдары сингл шыққан кезде туынды Рамазанова ханымның жанкүйерлері арасында танымал болып кетті. Земфира біраз уақыт бойы концерттерін осы әнмен аяқтап, микрофонды қолына алып: "Көп рақмет, біз тағы да келеміз!" дейді екен.  

"Ретро FM" плейлисті: Ғалымжан Молданазардың сүйікті әндері

"Ретро FM" плейлисті: Ерлан Көкеев қандай ән тыңдайды?

"Ретро FM" плейлисті: актер Евгений Жұманов не тыңдайды?

"Ретро FM" плейлисті: Әлішер Елікбаев қандай әндерді таңдайды?

"Ретро FM" плейлисті: Рашид Сүлейменовке қандай әндер ұнайды?

"Ретро FM" плейлисті: Ерден Телемісовтің сүйікті әндері

"Ретро FM" плейлисті: режиссер Асқар Ұзабаев не тыңдайды?

"Ретро FM" плейлисті: актер Шыңғыс Қапиннің сүйікті әндері

"Ретро FM" плейлисті: актер Максим Акбаров тыңдайтын әндер

"Ретро FM" плейлисті: тележүргізуші Әділ Лиян не тыңдайды?

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети