16 ақпан 2021 17:05

Сальсаны ойлап тапқан музыкант Джонни Пачеко қайтыс болады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: twitter.com/Zehub Фото: twitter.com/Zehub

Сальсаны ойлап тапқан музыкант және композитор Джонни Пачеко 85 жасында қайтыс болды, - деп хабарлайды Daily Mail.


Сальсаны ойлап тапқан музыкант және композитор Джонни Пачеко 85 жасында қайтыс болды, - деп хабарлайды Daily Mail.

"Ауыр қазаға қайғыра отырып маэстро Джонни Пачеконың қайтыс болғанын хабарлаймыз. Дұғаларыңыз бен ниеттеріңізге рақмет", - делінген музыкант туыстарының Facebook-парақшасында.

Композитор 14 ақпанда пневмониямен ауруханаға жатқызылған еді, ал келесі күні дәрігерлер оның қайтыс болғанын хабарлады.

Джонни Пачеко 1935 жылы Доминикан Республикасында дүниеге келген. Кейін ата-анасымен АҚШ-қа көшіп келеді. Нью-Йоркте музыкант Fania Records дыбыс жазатын студиясын ашты.

Пачеко тоғыз рет Грэмми сыйлығына ұсынылып, латын Грэмми сыйлығына ие болған (Латын Америкасы өнер және дыбыс жазу ғылымы академиясының музыкалық сыйлығы).

Ол 150-ден аса ән жазған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети