21 сәуір 2016 13:59

Салық органдары Алматыда Павел Воляның кешін ұйымдастырғандардың қызметін тексерді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© daypic.ru © daypic.ru

Алматы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті қазақстандық және ресейлік жұлдыздардың концерттерін ұйымдастырғандардың қызметін тексерді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Алматы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті қазақстандық және ресейлік жұлдыздардың концерттерін ұйымдастырғандардың қызметін тексерді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Нақтырақ айтқанда, салық қызметі Полина Гагаринаның, Павел Воляның, Вячеслав Бутусовтың, Айқынның, Ернар Айдардың, "Шаншар" әзіл-сықақ театрының және "Алдараспан" театрының концерттерінің ұйымдастырылуына тексеріс жүргізді. 

"Жүргізілген тексерістердің қорытындысы бойынша, тапқан табысты азайтып көрсету деректері тіркелген. Кей жағдайларда табысты 10 есе азайтып, ал кейде салық есебінің тіпті де көрсетілмеген жағдайлары болды", - делінген хабарламада.

МКД өкілдері шетелдік тұлғаларға да салықтың салынатынын ескертіп отыр.

"Осылайша департамент жұмысы мониторинг пен алдағы іс-шаралардың кестесін құрудан басталып, сәйкес зерттеулер жүргізіледі де, салық міндеттемелерін орындау бойынша бақылау және концертті ұйымдастырушылардың салық төлеуімен аяқталады", - деп қорытындылады ведомстводағылар.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.57   490.7   4.88 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети