03 желтоқсан 2014 15:33

The Rolling Stones тобының аты аңызға айналған саксофоншысы өмірден өтті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Саксофоншы Бобби Киз. ©xn-c1ajbjandp.xn Саксофоншы Бобби Киз. ©xn-c1ajbjandp.xn

Rolling Stones тобының аты аңызға айналған саксофонисі Бобби Киз 70 жасында қайтыс болды, - деп хабарлайды BBC Орыс қызметі. 


Rolling Stones тобының аты аңызға айналған саксофонисі Бобби Киз 70 жасында қайтыс болды, - деп хабарлайды BBC Орыс қызметі. 

Киз The Rolling Stones тобының, Джон Леннонның және Эрик Клэптонның концерттік турларына қатысушы ретінде танымал болды. РИА Новости-дің хабарлауынша, ол АҚШ-та (Теннесси штатының Франклин округі) өз үйінде ұзақ дерттен соң көз жұмған.

Топтың Facebook-тегі шағын блогы музыканттың қазасына байланысты көңіл айтуларға және ол туралы естеліктерге толып кетті. "The Rolling Stones өзінің қымбат досы әрі аты аңызға айналған саксофонисі Бобби Киздің қазасынан соң ойсырап қалды", - делінген ұжымның Twitter-інде. Көпшілік Киздің топ шығармашылығына өлшеусіз үлес қосқанын айтты.

Бобби Киз The Rolling Stones тобымен 1960 жылдардың соңынан бастап, жұмыс істеді. Ол 1943 жылдың 18 желтоқсанында Техастағы Слейтон қаласында дүниеге келді. Өзінің еңбек жолында музыкант Джордж Харрисон, Элвис Пресли, Джон Леннон, Ринго Старр сияқты танымал жұлдыздармен қызметтес болды.

Айта кетейік, The Rolling Stones тобының барлық 30-ға жуық альбомының жалпы тиражы 250 миллионнан асады. Оның 200 миллионы АҚШ-та сатылған. 1989 жылы топтың аты Рок-н-ролдың даңқ залына енгізілді, ал 2004 жылы ол Rolling Stone журналының нұсқасы бойынша барлық заманның 50 ұлы орындаушысының төртінші орнын иеленді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети