The Spirit of Eurasia EXPO-да өтетін болды

01 Шілде, 09:25
0
The Spirit of Eurasia EXPO-да өтетін болды -

The Spirit of Eurasia - 2019 қазіргі заманғы этникалық музыка фестивалінің ұйымдастырушылары шараның жаңа орнын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Орасан зор шоу 5 және 6 шілдеде EXPO аумағында жазғы сахнада өтеді.

Жаңа алаңды таңдау алдағы музыкалық шоуды одан әрі ұмытылмастай етеді. Техникалық жағынан да, логистикалық жағынан да EXPO-дағы жазғы алаң үздік ұжымдардың орындауында сапалы жанды дыбыста тамаша жарық шоуын жасауға мүмкіндік береді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, The Spirit of Eurasia өткізу туралы келіссөздер дәл осы жерде ұзақ уақытқа созылған, алайда алаңдағы апта сайынғы концерттерге байланысты техникалық дайындық үшін уақыт жеткіліксіз болғандықтан осындай шешім шыққан. Нәтижесінде шара орны ауысып, енді фестиваль қонақтары алдағы орасан зор шоудың қызығына куә бола алады.

Бұған дейін The Spirit of Tengri заманауи этникалық музыка жобасы EXPO-да өз концерттерін ұсынды. 2017 жылы мұнда Niyaz америкалық-иран-түрік жобасының мультимедиалық шоуы және әлемге әйгілі этномузыкант Дафер Юссефтің (Dhafer Youssef) жеке концерті өтті.

Осы екі күнде сахнаға EthnoWorld жанрында өнер көрсететін әлемнің 14 елінен 13 керемет ұжым көтеріледі. Сахнада әр түрлі халықтардың, тілдер мен құрлықтардың мәдениеті тағы да кездеседі. Жұма күні және сенбі күні шара 17.00-де басталады, кіру тегін.

The Spirit of Eurasia бүкіл Еуразиялық құрлықтан әртістерді жинап, оның географиясын кеңейтіп, елордалық көрермендердің сүйікті The Spirit of Astana фестивалінің дамуына айналды. Тамаша тұжырымдамалық шоу Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қолдауымен өткізіледі. 2019 жылы The Spirit of Eurasia Қазақстандағы жастар жылы аясында өтіп жатыр.

Қонақтарды Wyndham Garden Astana қонақүйі қарсы алады. Фестивальдің ресми суы - Calipso.

Биыл музыканттар толықтай жаңартылған сахнада өнер көрсетеді - ол одан да үлкен әрі әсерлі болады. Жарқын көрнекі сүйемелдеу жаңартылған кең форматты LED-экрандарда көрсетіледі, ал сахнаның өзіне біріктірілген бірегей дөңгелек экран концерттік шоуға қайталанбас атмосферасын сыйлайды. Дәстүрлі фестиваль жобаның ресми YouTube-арнасында онлайн көрсетіледі. 

The Spirit of Eurasia екікүндік музыкалық шоуы - 2012 жылы Tengri FM радиостанциясы құрған The Spirit of Tengri халықаралық жобасынан шыққан фестиваль. Бұл мультимәдени жобаның мақсаты - Ұлы дала және бүкіл әлем халықтарының мұрасын Қазақстан жеріндегі заманауи EthnoWorld-музыканың ең танымал өкілдерін біріктіре отырып таныстыру.

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай