The Spirit of Tengri халықаралық WOMEX 2015 фестиваліне қатысады

21 Қазан 2015, 16:10
0
The Spirit of Tengri халықаралық WOMEX 2015 фестиваліне қатысады - © Николай Колесников
© Николай Колесников

Тенгри ФМ радиосы The Spirit of Tengri жобасымен WOMEX 2015 жобасына қатысады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Айта кетейік, бұл әлімдік музыка индустириясындағы халықаралық платформада таныстырылғалы отырған қазақстандық алғашқы жоба. Жоба дәстүрлі, ұлттық және этникалық музыкаға негізделген.

21-25 қазан аралығында өтетін WOMEX 2015 фестиваліне әлем бойынша 60 музыкалық топ қатысады. The Spirit of Tengri фестиваліне қатысушылардың бірі Радик Тюлюш WOMEX 2015 концертіне де қатысқан. Tengri FM радиостанциясының және Ethnoworld жанрындағы орындаушылардың бірігуімен The Spirit of Tengri фестивалі әлемдік аренада таныстырылады.

Айта кетейік, этникалық музыка фестивалі үш жыл қатарынан өткізілді. 2015 жылдың маусымында өткен концертке 11 елдің музыканттары қатысты. Яғни, сахнаға  Эстониядан келген TRAD.ATTACK! тобы, қытайлық музыканттардан құрылған Hanggai тобы, Венгриядан Тилла Торок және Hold Viola сияқты жаңа топтар шықты. 

Халықаралық фестивальде фольк, джаз әуендерінің ерекше үйлесімі көрсетіледі. Ерекше орындаушыларға WOMEX Award жүлдесі тапсырылады. Музыкалық шара аясында кино көрсету де жоспарланып отыр. Үш күн ішінде 19 елдің 15 музыкалық документалды фильмі көрсетіледі.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай