02 маусым 2018 17:03

The Spirit of Tengri. Жаздың ең басты оқиғасы

ПОДЕЛИТЬСЯ

© OnParty.Me © OnParty.Me


23.00 Ертең кездескенше!

22.10 Израильдік Q2A! тобы өнер көрсетті.

21.10 Мозамбиктен келген бас-гитарашы Чилдо Томас өз номерін "Рахмет, Тенгри!" деген сөзбен бастады.

20.00 Музыка кешін бурятиялық Shono тобы жалғастырды. Ұжымның аты "қасқырлар" деген мағынаны білдіреді.

19.40 Фестивальдің ашылу салтанатында қала әкімі Бауыржан Байбек сөз сөйледі.

"The Spirit of Tengri фестивалі Алматының ең жарқын халықаралық мәдени жобаларының қатарына кіреді, ол музыка әлемінде брэнд болып қалыптасты. Ол әлемге Алматының бірегейлігін, алуандығын, Қазақстанның ықыласы мен қонақжайлығын паш етеді", - деді Бауыржан Байбек.

18.45 

18.40

18.20

18.00 Фестивальді өзбекстандық Аbbos тобы ашты.

Ұжым осы топтың негізін қалаған Аббос Касимовтың құрметіне осылай аталған. Музыкант дойре және өзге де аспаптарда ойнайды. Бұл ұжымның өнер көрсетуі кезінде сырнайдың, кернейдің және ногордың дыбысын естуге болады.

17.55 The Spirit of Tengri 2018 ашылу салтанаты басталды. Музыканттар көрермендермен сәлемдесу үшін сахнаға шықты. Дәстүр бойынша оларды тыңдарман жылы қарсы алды. 

17.30 Фестиваль алаңына қонақтар көптеп келіп жатыр. Әртістер өнер көрсеткенше көрермендерді hand-made жәрмеңкесі ерекше бұйымдармен, музыкалық аспаптармен таңғалдырады.

17.00. VI Халықаралық заманауи этникалық The Spirit of Tengri музыка фестивалі басталды. 

VI Халықаралық The Spirit of Tengri фестивалі 2 және 3 маусымда Алматыдағы Респубика Сарайының алдында орналасқан Абай алаңында өтеді. Концерттердің басталуы - 17:00. Кіру тегін. Қонақтарды сапалы, дәстүрлі, жанды дауыстағы әуендер, ғарыштан көрінетіндей жарық түсірілетін әдемі, күшті, жанды шоу күтіп тұр. 

Егер сіз бүгін Алматыдан алыста және Республика Сарайының алдында өтетін open-air шарасына келе алмайтын болсаңыз, сізді көпарналы дыбыспен сапалы онлайн-трансляция күтеді, оны Tengrinews.kz сайтынан және The Spirit of Tengri жобасының әлеуметтік желілердегі парақшаларынан тамашалауға болады.  

The Spirit of Tengri фестивалі шеңберінде 2018 жылы 2 және 3 маусымда автобустардың жұмыс уақыты ұзартылады - 29, 48, 120, 121, 141 сағат 23:30-ға дейін жүреді.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети