29 сәуір 2014 14:39

The Spirit of Tengri жобасына ағылшын музыканты қызығушылық танытты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жозефина Бёртон. ©Massaget.kz Жозефина Бёртон. ©Massaget.kz

The Spirit of Tengri фестивалі дүниежүзі жұртшылығының Қазақстан мәдениетіне деген қызығушылығын арттыра түседі. Қазақтың ұлттық музыкасының қазіргі заманғы беталысы жайлы жақын білгісі келген ұлыбританиялық өнертанушы, музыкант Жозефина Бёртон да осындай пікірде. Жуырда Алматыға келіп, фестивальдің ұйымдастырушыларымен кездескен мейман Тengrinews.kz тілшісіне өз ойларын білдірді.


The Spirit of Tengri фестивалі дүниежүзі жұртшылығының Қазақстан мәдениетіне деген қызығушылығын арттыра түседі. Қазақтың ұлттық музыкасының қазіргі заманғы беталысы жайлы жақын білгісі келген ұлыбританиялық өнертанушы, музыкант Жозефина Бёртон да осындай пікірде. Жуырда Алматыға келіп, фестивальдің ұйымдастырушыларымен кездескен мейман Тengrinews.kz тілшісіне өз ойларын білдірді.

"Менің жұмысым музыкамен байланысты, түрлі шығармашылық топтармен кездесіп, материалдар жинап жүремін. Бұл жолғы мақсатым - бұрынғы кеңестік республикалар аумағынан алуан түрлі музыкалық үлгілер жинастырып, бір музыкалық жобаға біріктіру. Жобама жиырма шақты музыкантты қатыстырамын, бұл жұмысты биыл толыққанды құрастырып, келер жылы Лондонда жарыққа шығармақпын", - дейді Dash Arts орталығының арт-директоры Жозефина Бёртон.

Музыкант Қазақстанға бірінші рет келіп отыр. Келген бетте The Spirit of Tengri фестивалінің тұрақты өкілі - қазақстандық электрдомбырашылар тобы - "Алдаспанның" өнерін тамашалады. Музыканттардың өнеріне айрықша тәнті болып, аса жоғары баға берді. "Бұл - таңғалдырарлық жоба, "Алдаспан" тобының мүшелері көрсеткен өнер - өмірімде естімеген дүнием. Ташкентте этникалық музыкамен айналысып жүрген топтармен кездескен едім, бірақ "Алдаспан" олардан ерекше жоба болды, мен қазір бұл топ өкілдерімен әңгімелесіп, жобаны қалай қолға алды, бұл музыканы қалай жасайды, соны тезірек білуге асығып тұрмын", - деді ол. Айта кетейік, бұған дейін "Алдаспан" рок-тобының өнерін Бёртонның отандас әріптестері - режиссер, композитор Тим Саппл мен Addictive TV дуэтінің өкілдері де жоғары бағалаған болатын.

Бёртон Қазақстанда былтыр тұңғыш рет өткен қазіргі заманғы этникалық музыканың The Spirit of Tengri атты фестивалін Интернеттен ерекше ләззат ала отырып тамашалағанын айтты. "Бұл фестиваль жайлы естігеннен кейін оның бейнероликтерін Интернеттен үнемі қарап тұрдым. Фестивальдің өзін онлайн түрде қарадым. Сібірдің, Орталық Азияның, Алтайдың, басқа да өлкелердің баға жетпес керемет-керемет музыканттары мен олардың өнеріне тәнті болдым. Биыл маусым айында болатын фестивальдің бағдарламасын білгім келеді, оған ерекше қызығушылық танытып отырмын. Мұндай фестивальдер Қазақстанға деген қызығушылықты арттырады, мен де соның арқасында осында келуге бел будым", - дейді өнертанушы.

Еске сала кетейік, биыл 7 маусымда Алматыдағы Республика сарайының алдында The Spirit of Tengri фестивалі екінші рет өтеді. Оған Бурятия, Саха, Жапония, Түркия, Эквадор және басқа да елдерден өнерпаздар келеді. Барлығы 12 музыкалық ұжым өнерлерін ұсынады. Ұйымдастырушылар биыл да концертке тувалық импровизатор орындаушы, танымал көмей әншісі Сайнхо Намчылактың қатысатынын айтты. Екінші фестиваль "Алматы - ТМД-ның мәдени астанасы" жылы аясында өтеді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети